RSS лента

Отыз жылда Қазақстан қанша тонна "қара алтын" өндірді?

  • 08.09.2020, 06:05,
  • 1 056
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Әлеуметтік желі

Коронавирус пандемиясы адамзаттың ақыл-парасатынан жеңіліс тапты. Солай боларына сенейік. Кезең-кезеңмен карантин де жеңілдетіліп жатыр. Демек, қиындықтар уақытша келеді де кетеді. Ал, мемлекет – мәңгілік. Олай болса, карантиннен кейінгі өмірді таразыға тартуға тура келеді. Себебі, енді бәрі бұрынғыдай болмайды. Әсіресе, мұнай-газ секілді еліміздің көшбасшы саласы қалай құбылатыны бәрімізге белгілі. Осындайда, кешегі күнге де көз жүгіртудің артықтығы жоқ. Тәуелсіздік толқынындағы 30 жылда не жасалды, не жасалмады? Соны саралап, сараптап, сана сүзгісінен өткізу маңызды, дейді Turantimes.kz тілшісі.

Алып Америкамен бірлесіп...


Осы орайда, қазақ мұнай-газ саласының қалыптасу сатысын сала ардагері, «Қазақстанның Еңбек Ері» Ұзақбай Қарабалиннен артық ешкім білмес деп шештік. Ендеше, біз де оның пікірін білуге асықтық.


– Бүгінгі Қазақстан – бақытты мемлекет. Қарнымыз тоқ, көйлегіміз көк. Не ішіп, не жеймін деп сарсаңға салынбаймыз. Себебі, бізде бәрі бар. Соның басында жер асты байлығы жатыр. Мұнайы бардың шырайы шат. Бірақ, осының өзін кей азаматтарымыз көктен түскендей көреді. Ал, батпан құйрық жолда жата ма? Жоқ! Тіпті, жастарға жөн сілтер үлкендердің өзі «қара алтынның» қадір-қасиетін кейде түсінбей жатады.

Сондықтан, ерекше екшеп айтқым келетіні, қолда бар байлық оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында азуын айға білеген алып «Шеврон» компаниясы бір сәт бізге де бет бұрды. Неге? Өйткені, игерілмей жатқан игілікке көздері сүрінді. Сөйтіп, оны бірлесіп өндіру бойынша келісімге келгенше асықты. Әуелгіде Мәскеуде жүргізіліп келген келіссөздер кейін өзімізде де өтті. Ақыры, егемен еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының көрегендік және кемеңгерлік қасиеттерінің арқасында «ғасыр келісіміне» де қол қойылды. Міне, сол кезде алпауыт Америка Елбасының биік беделіне сеніп, тәуекелге бел буды. Сол сенімді Қазақстан қазір артығымен ақтап отыр емес пе? – дейді ол.


Иә, расымен де, солай. Бертін келе, Қарашығанақ пен Қашаған кен орындары да ел экономикасын еселеуге үлкен үлес қосты. Осылайша, мемлекетіміз инвестиция тарту көрсеткіші бойынша Орта Азияда көш бастады. Ендігі меже – әлемнің озық елдерімен терезе теңестіру.


Арман алдамады


Шүкір, көмірсутегі қоры бойынша еліміз он екінші орында келеді. Оның үстіне, жуырда ғана еліміздің Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев сонау 1991 жылы өндірілген 25 миллион тонна мұнай-газ конденсатының бүгінде 90 миллион тоннадан асқанын айтқан еді. Сәйкесінше, газ өндіру де өткен жылдың есебімен 56 миллиард текше метрді құраған. Демек, озық елге айналуға мүмкіндік мол деген сөз ғой.


– Жасыратын несі бар, тәуелсіздіктің алғашқы таңында «қазақ мұнайының болашағы жоқ» деген сәуегейлік болжамдар да болды, - дейді Нұрлан Асқарұлы. – Бірақ, Елбасы өзінің арман-қиялына өзгелерді де сендіре білді. Сөйтіп, бүтін елді бір мақсат пен міндетке ұйыстырды. Ортақ мұрат пен мүддеге жұмылдырды. Нәтижесінде, шын мәніндегі ешкімге де, ештеңеге де тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылды.

Күні кешеге дейін де «кен орындарына шетелдіктер жетекшілік жасайды, жергілікті жастар жұмыссыз қалады»  деген де сенімге селкеу түсірер әңгімелердің айтылғаны рас. Әйтсе де, қазір, айтайық, «Қарашығанақтың» басшылық құрамында қазақстандықтар көбеймесе, азайған жоқ. Басқасында да солай. Бір кездері мұнай кәсіпшілігін жаңа дәуірде жаңғырта алатын жастардың бар-жоғына да күмәнмен қарадық. Алайда, бүгінгі жастар одан да асып түсті.


Инвестиция – 200 миллиард доллар!


Иә, министрдің сөзіне толықтай қосылуға болады. Осы орайда,  саланың тығырыққа тірелген сәттері де аз болмады. Бірлігі бекем халқымыз оны да еңсере білді. Мәселен, мемлекетіміздің географиялық орналасу ерекшелігі ашық теңіз бен мұхиттарға шығу үшін қолайсыздық тудырып келген болатын. Сондықтан транзиттік потенциалды тиімді пайдалану керек болды.


Осылайша, өндірілген өнімді нарыққа жеткізуді әртараптандыру бағытында үлкен маршруттар жасақталды. Автомобиль мен теміржолдармен қатар, құбыр жолы да іске қосылды. Сөйтіп, Теңізден Новосибирскіге мұнай тасымалдайтын Каспий құбыр консорциумы құрылды. О баста 28 миллион тонна мұнай тасымалдаумен басталған жоба қуаты қазір жетпіс миллион тоннаға жуықтап қалды. Аталған жобаны одан әрі кеңейту жөнінде нақты іс-шаралар да бар.  


Сонымен бірге, транзиттік мүмкіндігіміздің де артқанын айтпай кетуге болмас. Әсіресе, азиялық газ құбырын жүргізу арқылы Өзбекстан мен Түркіменстанда өндірілген газды Қытайға жеткізуге жағдай туды. Есесіне, бюджет қоры қомақты қаражатпен толықты.


Енді мұнайды терең өңдеу тақырыбына қарай ойыссақ. Алдағы маңызды міндет – қосымша құны жоғары өнім алу. Бұл туралы Елбасының стратегиялық бағдарламаларында да, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларында да егжей-тегжейлі айтылды. Бұл бағытта соңғы жылдары еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытының қайта жаңғыртудан өткенін айта кеткен жөн. Нәтижесінде, Атыраудың өзінде нарықтағы құны қымбат бензол мен параксилол алына бастады. Ал, осындағы арнаулы экономикалық аймақта жүзеге асып жатқан «КРІ» жобасы жылына 500 мың тонна полипропилен шығаруға мүмкіндік бермек. 

 

*Сіз не дейсіз?


Алик Айдарбаев,

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы:


– Бүгінгі таңдағы мұнай-газ өнеркәсібінің аяқ алысы жаман емес. Осыған дейін шамамен 200 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Бұл біз үшін аз көрсеткіш емес. Ел қазынасына құйылған мол қаражат жаңа деңгейге көтерілуге мүмкіндік берді. Келер жылы Тәуелсіздігімізге 30 жыл толса, осы уақыт ішінде «қара алтын» өндірісі үш есеге ұлғайды. Мұнайшылардың материалдық жағдайы жақсарды. Көптеген әлеуметтік нысандар бой көтерді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости