RSS лента

Қазақтың "қара алтыны" қайда кетіп жатқаны белгілі болды

  • 13.05.2021, 10:39,
  • 790
  • 0
  • Автор:

Биыл елімізде 22,1 миллион тонна мұнай экспортталып, қаңтар-сәуір айларының жоспары 100% орындалды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

 

«Биыл төрт айда мұнай және конденсат өндіру көлемі 28,1 миллион тоннаға жетіп, жоспар 99,4% орындалды. Мұнай және конденсат өндіру көлемінің есепті айдың жоспарынан төмен болуының себебі – сәуір айындағы Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс жөндеу жұмыстары» деді Энергетика министрі.


Сонымен қатар, ол мұнай-газ саласындағы iрі компаниялардың көрсеткіштеріне де тоқталып, жоспардың 100% орындалғанын атап өтті.


"Теңіз жобасында аталған кезеңде 9 миллион тонна мұнай өндіріліп, жоспар 100,1% орындалды. Солтүстік Каспий жобасы – Қашағанда мұнай өндіру көлемі – 4,9 миллион тонна болды, яғни қаңтар-сәуір айларының жоспары 100% орындалды. Қарашығанақ жобасының көрсеткіші 4 миллион тоннаны құрап, жоспар 96,3% орындалды. Осы кезең ішінде 22,1 миллион тонна мұнай экспортталып, биылғы қаңтар-сәуір айларының жоспары 100% атқарылды" дейді министр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости