RSS лента

Теңіз бен Қашағанның қазынасы таусылуға таяды ма?

  • 12.05.2021, 12:05,
  • 1 315
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Қазмұнайгаз"

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның тігінен интеграцияланған ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2021 жылғы бірінші тоқсандағы өндірістік нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2020 жылғы бірінші тоқсандағы 5 929 мың тоннамен салыстырғанда 5 318 мың тоннаны құрады. Мұнай және газ тасымалдау көлемі, тиісінше, 18 327 мың тонна мұнай және 22 149 млн текше метр газды құрап, 2020 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 1,0% және 21,8%-ға кеміді. Отандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі өзгеріссіз дерлік мөлшерде қалып, 4 662 мың тоннаны құрады.


Арнайы өзге мәліметтер көрсетілмесе, өндірістік көрсеткіштер ҚМГ-ның бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындарындағы үлестеріне, сондай-ақ шоғырландырылған еншілес ұйымдары үшін 100% көрсеткіштерге сәйкес көрсетіліп отыр.


2021 жылғы бірінші тоқсанда ҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 5 318 мың тоннаны (тәулігіне 438 мың баррель) құрап, 2020 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 10,3%-ға төмендегенін көрсетті. Ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі 8,9%-ға 2 058 млн текше метрге дейін төмендеді.


Теңіз кен орнында мұнай өндіру 2020 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 13,3%-ға азайып, 1 331 мың тоннаны (тәулігіне 117 мың баррель) құрады. Ал, газ өндіру 11,9%-ға төмендеп, 741 млн текше метр болды.  Мұнай өндіру деңгейіне ОПЕК+ келісімі аясында мұнайды шектеу бойынша қабылданған міндеттемелер елеулі кері әсер етті.


Қашағанда мұнай өндіру 16,6%-ға 305 мың тоннаға дейін (тәулігіне 27 мың баррель) төмендеді, ал газ өндіру көрсеткіші 15,5%-ға кеміп, 185 млн текше метрді құрап отыр. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өндіру көлемінің азаюы ОПЕК+ келісімі аясында мұнайды шектеу бойынша қабылдандаған міндеттемелерге байланысты болды.


Қарашығанақта сұйық көмірсутек өндіру 1,8%-ға төмендеп, 279 мың тоннаны (тәулігіне 24 мың баррель). Газ өндіру 533 млн текше метрді құрап, 2020 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 0,8%-ға қысқарды. Өндіру деңгейінің төмендеуіне Орынбор газ өңдеу зауытына өңдеуге жөнелтілетін газды қабылдау бойынша шектеулер себеп болды. 2021 жылғы 20 наурызда Газ өндіру бойынша өндірістік шектеулерді алу жөніндегі жобаның барлық құрылыс-монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстары ойдағыдай аяқталғаннан кейін, пайдалануға беруге дайындығы туралы актіге қол қойылды. Аталған жоба сұйық көмірсутектерді өндірудің қосымша өсімін қамтамасыз етеді. Жоба өндірістік сынақтар аяқталғаннан кейін 2021 жылғы маусым айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. 

Операциялық активтерде мұнай өндіру деңгейі 9,1%-ға 3 403 мың тоннаға дейін (тәулігіне 271 мың баррель) және газ өндіру 9,6%-ға 599 млн текше метрге дейін төмендеді. Мұнай өндіру көлемінің азаюы, негізінен, ОПЕК+ келісімі аясында мұнайды шектеу бойынша қабылданған міндеттемелерге, сонымен қатар байырғы кен орындарында өндіру деңгейінің табиғи жолмен төмендеуіне байланысты болды.


Мұнай және газ тасымалдау


2021 жылғы бірінші тоқсанда мұнайды магистральмен және теңізбен тасымалдау көрсеткіші 1,0%-ға 18 327 мың тоннаға дейін төмендеді.

Мұнайды магистралды құбырлармен тасымалдау көлемі 2,0%-ға қысқарып, 15 830 мың тоннаны құрады. Мұнай тапсыру көлемінің төмендеуі жүк жіберушілердің ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді шектеу жөніндегі міндеттемелерді орындауымен байланысты болып отыр. Өз кезегінде жалпы қысқару 2020 жылдың қаңтар айына дейінгі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дан мұнай жеткізу деңгейінің қалпына келтіруімен ішінара теңдестірілді. Ол кезде мұнайдағы хлорорганикалық қосылыстардың шектен тыс көп мөлшерде болуы себебінен мұнай жеткізу қысқарды. Сондай-ақ, Шымкент МӨЗ (ПҚОП) бағытында мұнай тасымалдау көлемінің ұлғаюымен теңдестірілді.

Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырсақ, 2021 жылғы бірінші тоқсанда мұнайды теңізбен тасымалдаудың жалпы көлемі негізінен Қара теңізде тасымалдаудың артуы есебінен 5,8%-ға ұлғайды.  


2021 жылғы бірінші тоқсанда ҚМГ магистралды газ құбырлары арқылы газ тасымалдау көлемі 21,8%-ға 22 149 млн текше метрге дейін төмендеді. Бұл көрсеткішке жаңа газ қуаттарының іске қосылуы және Ресейге газ тасымалдау бағыттарын әртараптандыру салдарынан Қазақстан аумағы арқылы «Газпром» ЖАҚ ресей газының транзит ағындарының қысқаруы кері ықпал етті. Сонымен қатар, Ресейге жөнелтілетін Қарашығанақ газының экспорт көлемі азайды.


Көмірсутек шикізатын өңдеу


2021 жылғы бірінші тоқсанда ҚМГ өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 13,4%-ға азайып, 5 213 мың тоннаны құрады. Оның 64,8%-ы экспортқа жөнелтілді.


ҚМГ өзі өндірген мұнайды ішкі нарыққа жеткізу көлемі 1 836 мың тоннаны құрады, оның ішінде шикізатты әрі қарай өңдеу және мұнай өнімдерін сату үшін операциялық активтердің (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қазақтүрікмұнай және Өріктау Оперейтинг) шикі мұнайының 996 мың тоннасы Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жеткізілді.


2021 жылғы бірінші тоқсанда тауар газын сату көлемі 2020 жылғы бірінші тоқсанымен салыстырғанда шамалы ғана 1,7%-ға қысқарып, 7 669 млн текше метрді құрады. Тауар газының экспорты 1 707 млн текше метрге жетті, оның 93%-ы Қытайға экспортқа жіберілді. 2020 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда газ экспорты көлемінің 33,4%-ға төмендеуі байқалады. Бұл «ҚазТрансГаз» АҚ-да 2021 жылға арналған Ресейге газ жеткізуге келісімшартының болмауына және ішкі нарықта газ тұтыну мөлшерінің өсуі салдарынан Қытайға жөнелтілетін экспорттың азаюына байланысты болып отыр.


2021 жылғы бірінші тоқсанда көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі 2020 жылғы бірінші тоқсанымен салыстырғанда өзгеріссіз қалып, 4 662 мың тоннаны құрады:


  • Отандық мұнай өңдеу зауыттарында КСШ өңдеу көлемі 0,6%-ға азайып, 3 328 мың тоннаны құрады. Бұл ретте, АМӨЗ-де жылдың басында электр энергиясының бірнеше рет өшуі салдарынан өңдеу 14,9%-ға төмендеді. Ал еліміздің басқа мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу көлемдерінің артуы байқалды. Соның ішінде АМӨЗ-дегі кідірістерді өтеу үшін ПҚОП зауытында қосымша жүктеменің есебінен мұнай 15,5%-ға артық өңделді;
  • Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарында өңдеу көлемі 1 334 мың тонанны құрап, шамалы ғана өсімді көрсетті. 2020 жылғы бірінші тоқсандағы көрсеткіштерден небәрі 1,6%-ға жоғары болды.  


2021 жылғы бірінші тоқсанда отандық және румын зауыттарында мұнай өнімдерін шығару көлемі 1,5%-ға артып, 4 294 мың тоннаны құрады:


  • Отандық мұнай өңдеу зауыттары 2 998 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 1,5%-ға артық. Мұнай өнімдеріне деген сұраныс пандемия алдындағы деңгейге дейінгі тұрақты түрде қалпына келе жатқандығы байқалады;
  • KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары 1 296 мың тонна мұнай өнімдерін шығарды, бұл 2020 жылдың көрсеткіштерінен 1,5%-ға жоғары.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости