RSS лента

Қалың қалай, ауыл шаруашылығы?

  • 20.04.2021, 01:50,
  • 675
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

Дағдарыс пен карантиндік шектеулерге қарамастан жұмысын тоқтатпай, одан әрі қарыштап дамыған саланың бірі – ауыл шаруашылығы, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жуырда өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ауыл шаруашылығына салынған инвестициялар көлемі 54,8 пайызға өскендігін жеткізді. Биылғы қаңтар-наурыз айларында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,8 пайызға өсіп, 591,3 млрд. теңгені құрады. Бұл өсімнің басты көрсеткіші – мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 3 пайызға ұлғаюы. Мәселен, ет өндіру көлемі тірідей салмақта 5,1 пайызға, сүт 3,4 пайызға артқан. Өсімдік шаруашылығы бойынша 33,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100%-ды құраған. Ауыл шаруашылығы дақылдарын жабық топырақта (жылыжайда) өсіру есебінен осындай нәтижеге қол жеткен.

 

- Республика бойынша төрт облыс, яғни Ақмола (114,1%), Жамбыл (103,8%), Қарағанды (103,5%) және Павлодар (103,2%) облыстары жоғары көрсеткішке қол жеткізді, - деді Сапархан Омаров.

Оставить комментарий
Последние новости
     
ЭКОНОМИКА
25.04.2415:54
Доллар вновь подорожал  
   
Все новости