ЭКОНОМИКА - Turan times

Заң факультеті – құқықтық мемлекеттің тірегі
Факультет өз қызметін жоғары сапалы білім беру қағидаттарына негіздей отырып, құқықтық мемлекет қалыптастыру ісіне елеулі үлес қосып келеді.

Қазіргі таңда заң саласына қойылатын талаптар артып, құқықтық сауаттылық қоғамның маңызды көрсеткішіне айналды. Осыған байланысты Заң факультетінің басты мақсаты – терең теориялық білім мен практикалық дағдыларды ұштастыра алатын, кәсіби деңгейі жоғары, бәсекеге қабілетті заңгерлер даярлау.

Факультетте білім беру үдерісі заманауи талаптарға сай ұйымдастырылған. Оқу бағдарламалары ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленіп, үнемі жаңартылып отырады. Студенттер конституциялық құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, халықаралық құқық сияқты негізгі салалар бойынша жан-жақты білім алады. Сонымен қатар, тәжірибелік сабақтар мен кейс-стади әдістері арқылы нақты құқықтық жағдайларды талдауға машықтанады.

Заң факультетінің тағы бір ерекшелігі – ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуі. Студенттер мен оқытушылар ғылыми жобаларға қатысып, құқықтық реформалар мен өзекті мәселелерді зерттеумен айналысады. Бұл болашақ заңгерлердің аналитикалық ойлау қабілетін дамытып, олардың кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Факультет оқытушылары – өз саласының тәжірибелі мамандары, ғылым докторлары мен кандидаттары, практик-заңгерлер. Олар студенттерге тек білім беріп қана қоймай, кәсіби бағыт-бағдар көрсетіп, құқықтық ойлау мәдениетін қалыптастырады. Мұндай ортада білім алған түлектер мемлекеттік органдарда, сот жүйесінде, құқық қорғау саласында және жеке секторда табысты қызмет атқара алады.

Сонымен қатар, Заң факультеті білім алушылардың тәжірибелік дайындығына ерекше мән береді. Студенттер сот органдарында, прокуратурада, адвокатурада және басқа да құқықтық ұйымдарда өндірістік тәжірибеден өтеді. Бұл олардың болашақ мамандығына бейімделуіне және нақты жұмыс тәжірибесін жинақтауына мүмкіндік береді.

Факультет халықаралық ынтымақтастық бағытында да белсенді жұмыс жүргізеді. Шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен бағдарламалар, академиялық ұтқырлық, халықаралық конференциялар – студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтіп, әлемдік құқықтық тәжірибемен танысуына жол ашады.

Құқықтық білім беру тек кәсіби дағдыларды қалыптастырумен шектелмейді. Ол – әділдік, жауапкершілік, заң үстемдігі қағидаттарын терең түсінетін тұлға тәрбиелеуді көздейді. Осы тұрғыдан алғанда, Заң факультеті студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырады.

Қорыта айтқанда, Заң факультеті – құқықтық мемлекет негізін қалаушы кәсіби мамандарды даярлайтын маңызды білім ордасы. Мұнда алған білім мен тәжірибе түлектердің болашақта ел дамуына үлес қосуына берік негіз қалайды.

Темірболат Н.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Заң факультеті қылмыстық

құқық, қылмыстық іс жүргізу және

криминалистика кафедрасының аға оқытушысы,з.ғ.к.

Муслимов Адиль

Заң факультетінің студенті

Астанада халықаралық геологиялық зертханалық кешен құрылмақ
Сонымен қатар заңнамалық деңгейде жер қойнауын пайдалану құқығына арналған аукциондардың қол қою бонусынан түсетін қаражаттың 50%-ын мемлекеттік геологияны және геологиялық инфрақұрылымды дамытуға бағыттау нормасы бекітілген. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ӨҚМ Геология комитеті төрағасының м.а. Қанат Ерубаев мәлімдеді. Оның айтуынша, сала өзін-өзі қаржыландыру мен тұрақты даму тетігіне ие болуда.

«2027 жылдың наурыз–сәуір айларына қарай мемлекеттік геологиялық зерттеу қорытындысы бойынша алғашқы перспективалы учаскелерді айқындап, оларды аукционға шығара аламыз деген жоспар бар. Бұл инвестициялар ағынын қалыптастырып, бонус түсуін қамтамасыз етеді және экономика үшін мультипликативтік әсерді күшейтеді», – деді Қанат Ерубаев.

Спикердің айтуынша, Астанада Ұлттық геологиялық қызмет базасында сертификатталған және халықаралық деңгейде аккредиттелген зертханалық кешен құрылуда. Жоба геологиялық деректердің халықаралық сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Кешен құрамына заманауи зертханалармен қатар үлгілер мен деректерді сақтауға арналған қоймалар кіреді.

Сондай-ақ спикердің мәліметінше, 2026 жылдың 2-3 сәуірінде Астанада алғашқы Орталық Азия геологиялық форумы өтеді. Қанат Ерубаевтың сөзінше, бұл кәсіби қауымдастықты біріктіруге, жобаларды ғылыми сүйемелдеуге және мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған алаң болады.

Қазақстанда мұнай мен газ қоры бар 20-дан астам учаске анықталды
Биыл зерттелген аумақ көлемін 2,2 млн шаршы шақырымға дейін ұлғайту жоспарда бар. Бұл туралы ҚР ӨҚМ Геология комитеті төрағасының м.а. Қанат Ерубаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, былтыр жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу нәтижесінде іздеу жұмыстарын жүргізуге арналған 29 әлеуетті алаң анықталды. Алтын, мыс, қорғасын, мырыш және басқа да пайдалы қазбалары бар учаскелер табылды.

«Бұрын біз ірі масштаб қолданатынбыз — бұл жалпы түсінік беретін. Яғни тәуелсіздік кезеңінде қолданылған 1:200 000 масштабы жер қойнауын жалпылама бағалауға мүмкіндік береді. Ол құрылымды көруге жағдай жасайды, бірақ инвестициялық шешімдер қабылдау үшін жеткілікті деңгейде нақты ақпар бермейді. Бүгінде бұл жеткіліксіз. Қазіргі инвестор Австралия, Канада және басқа елдермен салыстыруға болатын халықаралық деңгейдегі деректерді талап етеді. Біз жаңа деңгейге — метрлік дәлдікпен жүргізілетін егжей-тегжейлі зерттеулерге көшіп жатырмыз. Бұл әлем картасының орнына әр қадамы көрінетін навигатор қолданғанмен бірдей», – деді спикер.

Мұндай масштаб әлеуеті бар учаскелерді ерте кезеңде анықтау ықтималдығын арттырып, түсініксіз жайттарды азайтады және зерттеуден іздеу мен игеруге көшуді жеделдетеді.

Былтыр 100 мың шаршы шақырым аумақта егжей-тегжейлі түсірілім жобалары дайындалды. Учаскелерді іріктеу ғылыми қауымдастықпен, ең алдымен Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтымен бірлесіп жүргізілді. Жобаларда заманауи зерттеу әдістерін қолданатын кешенді тәсіл қарастырылған: Жерді қашықтықтан зондтау, аэрогеофизика — магниттік және гамма-спектрометриялық түсірілімдер, IONIC leaching әдісімен геохимия, зертханалық талдаулар, бұрғылау, ұңғымаларды геофизикалық зерттеу.

«Көмірсутектерге ерекше назар аударып отырмыз. Өткен жылы Арал бассейнінде аяқталған жұмыстар геологиялық құрылымды нақтылап, жаңа құрылымдық элементтерді бөліп көрсетуге және көмірсутектердің болжамды қорын бағалауға мүмкіндік берді. Мұнай мен газ қоры бар болуы мүмкін 20-дан астам учаске анықталды, олар бойынша биыл Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін аукциондар өткізеді. Сонымен қатар биыл аз зерттелген басқа бассейндерде жаңа сейсмикалық барлау жобаларын іске қосамыз», – деп хабарлады Қанат Ерубаев.

Новая стратегия туризма представлена в Алматы
22 апреля 2026 года в Алматы в рамках Kazakhstan International Tourism Fair 2026 (KITF 2026) Департамент туризма Goa представил масштабную экспозицию, продемонстрировав новый подход к развитию региона как современного туристического направления, ориентированного на устойчивость и высокую ценность путешествий. Выставка стала уже 26-й по счёту и традиционно собрала ключевых игроков индустрии в Алматы.

Стратегия роста и международное сотрудничество

Министр туризма Гоа Rohan A. Khaunte обозначил стратегическое видение региона на глобальном туристическом рынке. В центре внимания — инновации, устойчивое развитие и расширение партнёрств, включая активное сотрудничество с Казахстаном.

В своём выступлении он подчеркнул, что Гоа — это не только пляжное направление, но и пространство для глубокого туристического опыта. Протяжённость береговой линии вдоль Arabian Sea составляет 104 километра, однако ключевая задача — показать туристам более широкий спектр возможностей региона.

Особое внимание уделяется транспортной доступности. На сегодняшний день Air Astana выполняет прямые рейсы в Mumbai и Delhi с удобными пересадками в Гоа. Также ведутся переговоры с FlyArystan и SCAT Airlines о запуске чартерных рейсов из Алматы и Астаны.

Гранд-павильон: новый взгляд на туризм

Центральным элементом участия стал Гранд-павильон Гоа, отражающий трансформацию туристической концепции региона — от классической модели «солнце и пляжи» к иммерсивному туризму впечатлений.

Павильон был открыт при участии заместителя акима Алматы Olzhas Smagulov, Чрезвычайного и Полномочного Посла Индии в Казахстане I.K. Sailas Thangal, а также представителей туристической отрасли двух стран.

Экспозиция представила:

внутренние туристические маршруты: водопады, леса и исторические деревни

wellness-направления и экологичный туризм

формат homestay для погружения в местную культуру

гастрономические программы с акцентом на аутентичную кухню Гоа

B2B-встречи для развития партнёрств

Фокус на Центральной Азии

Участие в KITF 2026 стало частью стратегии Гоа по расширению присутствия на рынках Центральной Азии. Павильон стал платформой для диалога с представителями индустрии, инвесторами и СМИ из Казахстана и соседних стран.

Среди участников выставки — South Korea, Egypt, Malaysia, Romania, Uzbekistan, Vietnam, Belarus, Cyprus и China.

Ключевые цели

В рамках участия в выставке Гоа обозначил приоритетные задачи:

развитие туристического потока между Гоа и Казахстаном

расширение прямого и чартерного авиасообщения

укрепление взаимодействия с туроператорами и медиа

продвижение премиального, устойчивого и иммерсивного туризма

Перспективы

Участие в Kazakhstan International Tourism Fair 2026 стало важным шагом в укреплении международного имиджа Goa как направления нового поколения.

Регион последовательно продвигает концепцию регенеративного туризма, где акцент делается не только на отдыхе, но и на сохранении природной среды, культурной аутентичности и создании осмысленного туристического опыта.

Елімізде 2030 жылға дейін 660 МВт жаңа СЭС іске қосылады
2025 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздері нысандарынан өндірілген электр энергиясының көлемі 8,621 млрд кВт.сағ болды. Оның ішінде қолданыстағы шағын және орта су электр станциялары 1,196 млрд кВт.сағ экологиялық таза энергия өндірді.

Жасалған келісімшарттарға сәйкес, 2030 жылдың соңына дейін жалпы қуаты шамамен 660 МВт болатын жаңа су электр станцияларын іске қосу жоспарланып отыр.

Саладағы ашықтықты қамтамасыз ету және инвестиция тарту мақсатында Энергетика министрлігі аукциондық сауда механизмдерін белсенді қолданады. Атап айтқанда, 2025 жылы гидроэнергетика жобалары үшін 500 МВт қуат аукционға шығарылды.

Қолданыстағы ЖЭК нысандарының, соның ішінде су электр станцияларының ең жоғары шоғырлануы елдің оңтүстік және шығыс өңірлерінде байқалады. Көшбасшы аймақтар қатарында Жамбыл, Алматы және Жетісу облысы бар.

Жоспарланған СЭС жобаларын іске асыру Қазақстанның энергетикалық теңгерімін әртараптандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өзендердің табиғи су әлеуетін тиімді пайдалану арқылы шалғай өңірлерді тұрақты «жасыл» энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Комиссиялық дүкен ретінде жасырылып, заңсыз несие берген
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз кәсіпкерлік қызмет және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактілері бойынша С.С. Койнов пен басқа да қатысы бар тұлғаларға қатысты тергеуді аяқтады.

Еске салсақ, өткен жылдың қыркүйек айында комиссиялық дүкен ретінде жасырынған ірі ломбардтар желісі арқылы заңсыз микрокредит беру схемасы анықталған.

«Актив Ломбард» желісінің иесі С.С. Койнов комиссиялық қызметті пайдалана отырып, жеке тұлғаларға жасырын түрде микрокредит берудің заңсыз схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Қызметіне заңдылық сипат беру үшін С.С. Койнов материалдық-техникалық базасы мен әкімшілік ресурстары бар өзіне бағынысты «Актив Ломбард» ЖШС-ін пайдаланып, сенімді тұлғалардың атына тіркелген және формалды түрде комиссиялық саудамен айналысқан «One Billion Sales», «The Best Seller» және «Shark in Sales» ЖШС сияқты байланысы бар заңды тұлғалар желісін құрды.

Аталған компаниялар «Актив Маркет» бірыңғай брендімен әрекет етіп, іс жүзінде мүлікті кепілге алып, жоғары пайыздық мөлшерлемемен микрокредиттер беру үшін пайдаланылған. Комиссиялық бөлімшелер «Актив Ломбард» ЖШС филиалдарымен бір ғимаратта орналасқан, ал клиенттерге қызмет көрсетуді бірдей қызметкерлер жүзеге асырған.

Клиенттермен жасалған комиссиялық шарттар формалды және жалған сипатта болған. Сыйақы мөлшерлемесінің орташа деңгейі тәулігіне 1,73%-дан 2,07%-ға дейін жетіп, белгіленген нормадан (0,3%) 5 есеге жоғары болған, бұл азаматтардың құқықтарының елеулі бұзылуына әкелген.

Нәтижесінде 1,9 млн-нан астам шарт жасалып, қылмыстық кіріс көлемі 19 млрд теңгеден асқан.

Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыстық кірістердің шығу көзін жасыру мақсатында С.С. Койнов оларды заңдастырудың көп деңгейлі схемасын әзірлеп, іске асырған.

Ол үшін байланысы бар компаниялармен жасалған жалған шарттар, сондай-ақ банктік шоттар арасында ақшаны бірнеше рет аудару арқылы кейіннен дивиденд түрінде шығару пайдаланылған. Осы тәсілмен 5 млрд теңгеден астам қаражат шығарылған.

Сонымен қатар, С.С. Койнов бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу саласында формалды түрде қызмет көрсеткен «Zeus Co» ЖШС-ін тіркеген. Бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу және сүйемелдеу қызметтері көрсетілді деген желеумен байланысы бар компаниялармен құны асыра көрсетілген шарттар жасалып, нәтижесінде «Zeus Co» ЖШС шоттарына 2,5 млрд теңге түскен, оның 2,2 млрд теңгесі С.С.Койновқа дивиденд түрінде аударылған.

Сот санкциясымен конфискациялау мақсатында жалпы құны 8,9 млрд теңге болатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке, жарғылық капиталдағы үлестерге және зергерлік бұйымдарға тыйым салынды.

Тыйым салынған мүлік қатарында: елордадағы 4 пәтер және 2 тұрғын үй, БАӘ-дегі 4 апартамент, 6 автокөлік, оның ішінде Lexus LX 600, Rolls Royce Cullinan, Mercedes-Benz G63, Bentley Bentayga V8, Land Rover Range Rover Sport, сондай-ақ депозиттік шоттардағы 2,7 млрд теңге көлеміндегі ақшалай қаражат бар.

С.С. Койнов қамауға алынды. Оның төрт сыбайласына қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазақстан Республикасы ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазақстанда Бірыңғай құрылыс порталы іске қосылды
Портал туралы толығырақ ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында баяндады. Бүгінде қазақстандықтарға республика бойынша 89 қалада құрылысқа арналған бастапқы-рұқсат құжаттарының пакетін беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер қолжетімді. Олардың қатарына сәулет-жоспарлау тапсырмасы, инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттар, сондай-ақ эскиздік жобаны келісу кіреді.

Сонымен қатар құрылыс жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру процестері де цифрлық форматқа көшірілді.

Салалық жүйелерді интеграциялау кезінде қолданылатын объектінің бірегей нөмірі арқылы қатысушылар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың ашықтығы мен үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

«Egov.kz бірыңғай авторизациясын енгізу арқылы «бір терезе» қағидаты қамтамасыз етілді, бұл пайдаланушыларға қайта авторизациядан өтпей-ақ жұмыс істеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті спикер.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексіне қол қойды. Комитет төрағасының сөзінше, Құрылыс кодексі аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Тұрақтандыру қорларындағы көкөністерді белсенді сату басталды
Соңғы екі аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің орташа баға индексі нөлдік деңгейде сақталып отыр. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, қияр (-2,5%),  балық (-1,4%), алма (-0,5%), ұсақталған ет (-0,3%), қарақұмық пен сиыр еті (-0,2%), қатты ірімшік пен жұмыртқа (-0,1%) бағалары төмендегені тіркелді. Қызанақ, сүт, тауық еті, сүйекті сиыр еті және нан бағалары тұрақты. Сонымен қатар көкөніс-жеміс өнімдерінің бағасы маусымаралық кезеңге байланысты өсіп келе жатқаны байқалады.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында ақпан айынан бастап тұрақтандыру қорларындағы көкөністердің белсенді түрде сату басталды. Бүгінгі күнге дейін аймақтардағы сауда орындарына қолжетімді бағамен 57 мың тоннадан астам көкөніс жеткізілді. Ақпан айында нарыққа қосымша шамамен 80 мың тонна картоп, 11 мың тонна пияз, 27 мың тонна сәбіз және 19 мың тонна қырыққабат шығару жоспарланған.

Жиын барысында майлы өнімдер, атап айтқанда, күнбағыс майының бағасын тұрақтандыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Вице-премьер Ауыл шаруашылығы министрлігіне отандық зауыттарда күнбағыс майын өндіру үшін фермерлерді майлы тұқым сатуға ынталандыратын шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл шара фермерлерді қолдауға, кәсіпорындардың жұмысын қамтамасыз етуге және ішкі нарыққа май жеткізілімін арттыруға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері  72 аймақтық комиссия отырысы өтіп,  сауда үстемесін  қолдану тәртібін бұзудың 128 фактісі анықталған. Сауда саласында мемлекеттік бақылауға 218 бизнес субъектісі қамтылған, жалпы салынған айыппұл сомасы 3,7 млн теңгені құраған. Серік Жұманғарин формалды түрде өтіп, сауда үстемесін шектеу бойынша ешқандай нәтиже бермеген Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарындағы аймақтық комиссиялардың жұмысын сынға алды.

Жиын қорытындысы бойынша вице-премьер жергілікті деңгейде жеке жауапкершілікті қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, баға өсімін болдырмау, заңсыз баға өсуін тоқтату және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша практикалық жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Қазақстандық балаларға 130,71 доллардан аударылды
Қаржы министрлігінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы ұлттық байлықты әділ бөлу қағидатын іске асыруға бағытталған. Жастарға бастапқы тең мүмкіндіктерді беру мемлекеттің басымдыққа ие міндеттерінің бірі. Ал Ұлттық қорда жинақталған қаражат жас отандастарымызға ер жетіп, үлкен өмірдегі алғашқы қадамдарын нық сеніммен жасауға жол ашуға тиіс.

Биыл бағдарламаға 2008-2025 жылдар аралығында туған 6 918 656 бала қатысқанын айта кетейік. Осыны ескере отырып, 2026 жылы бағдарламаның аясында әр қатысушыға 130,71 доллардан аударылды.

Осы жылы 356 613 бала кәмелет жасқа толып, оларға жиынтық мөлшерінде 44,5 млн доллар аудару көзделген.

Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап оған қатысатын балалар үшін үш жылдағы (2024-2026 жылдар) инвестициялық кірісті ескере отырып, жинақталған қаражаттың жалпы сомасы әрқайсысына 370,56 доллардан келеді.

«Ұлттық қор – балаларға» жобасына сәйкес жиналатын ақша өмірдегі маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге пайдаланылады. Мәселен, қаражаттың негізгі бөлігі (19,7 млн доллар) 127 446 мақұлданған өтінім бойынша тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталды. Тағы да 11,9 млн доллар 78 060 өтінім бойынша балалардың білім алуға байланысты қажеттіліктеріне жұмсалды.

Премьер-министр шұғыл кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Бас прокурор Берік Асыловтың, Үкімет басшылығы және министрлер мен өңір әкімдерінің, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек» ҰИХ, «Kazakh Invest» ҰК, «Атамекен» ҰКП басшылығының қатысуымен жаңа инвестициялық циклді іске қосу және сапалы инвестициялар көлемін арттыру жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Инвестицияларды сүйемелдеудің жаңа экожүйесінің бірыңғай құрылымын қалыптастыру бойынша Үкімет, Бас прокуратура, ұлттық компаниялар және өзге де ұйымдар жүргізіп жатқан жұмыстар қаралды.

«Президент барлық мемлекеттік орган мен ұйымның алдына сапалы инвестициялар ағынын арттыру және қосылған құны жоғары серпінді жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету міндетін қойды. Инвестициялық саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы өзектендірілді. Қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру, өнімді еңбекті ынталандыру, инвесторлар құқықтарын қорғау, жүзеге асырудың барлық кезеңінде ел үшін маңызды жобаларды қолдау мақсатында бірлесіп жұмыс істеуіміз қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін мемлекеттік аппараттың инвестициялар тарту және жаңа жобалар портфелін қалыптастыру тәсілдері қайта қаралды. Атап айтқанда, инвесторларды нысаналы түрде тартуды күшейтуді, сондай-ақ алдын ала әзірленген және келісілген пакет түрінде «инвестицияға тапсырыс» қалыптастыруды көздейтін проактивті модельге көшу жүзеге асырылуда.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өткен жылы негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 22,7 трлн теңгені құрағанын баяндады. Биыл 31,5 трлн теңге деңгейінде негізгі капиталға инвестициялар бойынша нысаналы бағдар белгіленді, ал тікелей шетелдік инвестициялар ағыны – $25,5 млрд. 1,1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 16 трлн теңгеге 475 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Бүгінгі таңда Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада жүзеге асыру сатысында жалпыұлттық пулдың құны 74,5 трлн теңге болатын 1 047 жобасы тұр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 2,49 трлн теңгеге 273 жоба іске қосылды. Ал жалпы алғанда, Инвестициялық саясат тұжырымдамасына сәйкес инвестициялар көлемін 3 есе ұлғайту қажет.

Шетелдік инвесторлар тарту ісін нығайту туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров баяндады. Ол инвесторларды нысаналы түрде тарту және инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру бойынша нақты жұмыс нәтижелерінен мысалдар келтірді. Олардың арасында CHN Corporation (Қарағанды облысындағы көмір-химия кешені, құны – $4 млрд), Roca Group (Қызылорда облысындағы жуынатын бөлмеге арналған сантехника мен жиһаз өндіретін зауыт, құны – $70 млн), Fufeng Group (Жамбыл облысындағы жүгеріні терең өңдеу зауыты, құны – $800 млн), UBM Group (Қостанай және Алматы облыстарындағы құрама жем дайындау зауыттары, құны – $58 млн), Shandong Yuwang Industrial (сояны терең өңдеу жобасы, құны – $250 млн) компаниялары бар. Сондай-ақ халықаралық консультанттармен бірлесіп басым бағыттар бойынша инвестициялық ұсыныстар әзірленгені атап өтілді. «Kazakh Invest» ҰК-ның Германия, АҚШ, ҚХР, Қатар, Ресей, Түркия және Малайзия сияқты негізгі бағыттарда өкілдіктерін орналастыра отырып, шетелдік өкілдіктерді ашу жұмыстары күшейтілуде.

Сондай-ақ жиын барысында инвесторлардың құқықтарын қорғау және жобаларды сүйемелдеудің құқықтық тетіктерін нығайту жөніндегі шаралар қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР БП-ның Заңсыз активтерді қайтару комитеті Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті болып қайта құрылды, ал Инвестициялық омбудсменнің функциялары Бас прокурорға жүктелді.

Премьер-министр бұл еліміздегі капиталдың құқықтық қорғалуын күшейтуге тиіс маңызды қадам екенін атап өтті. Үкімет осы жаңа институтпен өзара іс-қимылды толық қамтамасыз етуі керек.

Өз кезегінде Бас прокурор Берік Асылов жергілікті жерлерде инвест-прокурорлар жұмыс істей бастағанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура инвестициялық жобаларды сүйемелдейді. Біз орындалуы міндетті алдын ала жазбаша ескертулер мен нұсқаулар береміз. Бұл өте маңызды. Инвесторларды қорғау мақсатында халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі қызметті үйлестіреміз және жүзеге асырамыз. Мемлекеттік органдармен бірлесіп барлық инвестициялық жобаларға тексеру жүргіземіз. Тұтас көрінісі айқындалған соң, барлық жобаларды жедел сүйемелдеуге көшеміз», — деп атап өтті Берік Асылов.

Бүгінгі таңда әкімшілік қысымды төмендетудің негізгі құралы «прокурорлық сүзгі» болып отыр: мемлекеттік органдардың 27 мың шешімі зерделеніп, мыңнан астам негізсіз бастамалар кейін қайтарылды, 500-ге жуық әкімшілік іс жүргізу жойылып, 400 заңсыз тексерулер тоқтатылды және өзге де 200 шектеу шараларын қолдануға жол берілмеді. Жалпы алғанда, бұл шаралар инвесторлардың қатысуымен болған сот дауларын 30%-ға, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істердің 10%-ға, қылмыстық істердің 2 есе төмендеуіне ықпал етті.

Маңызды бағыт ретінде инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді цифрландыру шарасы аталды: ол әрбір бастамаға «онлайн» режимде мониторинг жасауға және тәуекелдер мен кідірістерді нақты уақытта анықтауға мүмкіндік береді. Бас прокуратураның мәліметінше, соның арқасында 2 мыңға жуық инвестордың проблемалары шешіліп, 25 мың жұмыс орнын құруға жол ашатын 250 жобаның іске қосылуы қамтамасыз етілген. Сонымен қатар бірлесіп шешетін проблемалық мәселелер бар.

Ұлттық экономика министрлігі Сыртқы істер министрлігімен және Бас прокуратурамен бірлесіп, барлық ағымдағы инвестициялық жобаларды тексеруді қысқа мерзімде аяқтауға тиіс.

Олжас Бектенов инвесторлардың құқығын қорғау және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру барлық мемлекеттік органның, әсіресе бизнеспен өзара іс-қимылдың алдыңғы қатарында тұрған органдардың ортақ міндеті екенін атап өтті.

«Әрбір шетелдік немесе қазақстандық инвестор өз мүдделерінің қорғалғанына, даулар әділ түрде шешілетініне, ал мемлекеттік институттар ашық және болжамды ережелер шеңберінде әрекет ететініне сенімді болуға тиіс. Көптеген мәселелердің түп-тамыры бюрократияда және жергілікті жерлердегі процестердің созбалаңға салынуында жатыр. Біздің экономикамызға инвестиция салуға дайын инвестордың бірнеше ай бойы қарапайым техникалық шарттарды немесе жерге құқық белгілейтін құжаттарды ала алмауы – жол берілмейтін жағдай. Бұл – ел экономикасы үшін тікелей шығын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр «Kazakh Invest» ҰК мен әкімдіктер қызметін жіберген кемшіліктері және мақұлданған жобаларды жүзеге асыруға кедергі келтіргені үшін сынға алды. Бүгінгі таңда өңірлерге жүзеге асыруға ұсынылған 25 жобаның үшеуі ғана белсенді түрде жүргізілуде. «Kazakh Invest» ҰК АҚ басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұловқа ескерту жасалды.

Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға үш күн ішінде қалған инвестициялық жобалар бойынша барлық қажетті шешімдерді қабылдауды тапсырды. Нақты нәтиже болмаған жағдайда кінәлі лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі қаралады. Инвесторлар қызметіне кедергі келтіру фактілеріне қатысты барлық материал Бас прокуратураға жолданды.