RSS лента

Астаналық шенеунік төрт бірдей базардан пара алып отырған

  • 20.09.2020, 23:22,
  • 2 594
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Әлеуметтік желі

Нұр-Сұлтанда Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды тұлғасы пара алып келген. Бұл бойынша қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

– Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғасына қатысты тұрмыстық сыбайлас жемқорлық және шағын және орта бизнеске араласуы бойынша тергеуді бастады, ол жүйелі түрде 4 базардың кәсіпкерлік субъектілерінен заңсыз алым алып келген.


Ақша ауылшаруашылық өнімдері мен ағаш материалдарын сату кезінде сәйкестік сертификаттарының болмауына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін, сондай-ақ импортталатын реттелетін өнімдерді баратын жерінде екінші карантиндік тексеруге жатқызбағаны үшін алынған. Сондай-ақ, бұрыннан келісілген сомаға ол қамқорлық жасап келген. Параның мөлшері 16 мыңнан 700 мың теңге аралығын қамтиды.

Биылғы жылдың 4-30 тамызы аралығында өткізілген жедел-іс-шаралар барысында 17 пара алу және 16 пара беру фактілері анықталды. Күдіктіге қатысты 2 айға қамауға алу түрінде алдын алу шарасы санкцияланды. Тергеу жалғасуда, - делінген ресми хабарламада.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости