RSS лента

Әкім орынбасарына 3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

  • 09.09.2020, 23:12,
  • 1 392
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Әлеуметтік желі

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Ө.Тәжібаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Құрманғазы аудандық сотының үкімімен сотталған оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 2 750 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

  

3 шілдеде Сот Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Өркен Тәжібаевқа үкім шығарды. Ол билікті асыра пайдаланды, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу және алаяқтық жасады деп айыпталды.

Мәселен, Тәжібаев:

- Жеке өзі туысқандарына тіркелген ЖШС және ЖК басқармасына қатысып, оларға артықшылықтар берді;

- «Балықшы күніне» арналған іс-шараны өткізу сылтауымен ЖШС құрылтайшысының 150 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын иемдеген»;

- Өндірістік кооперативтердің біріне 500 мың теңге зиян келтірді;

- Ауданның аз қамтылған азаматтары үшін қорғаныс медициналық маскаларын сатып алу үшін қаржылық көмек көрсету сылтауымен кәсіпкерлердің жалпы сомасы 125 мың теңге ақшалай қаражатын иемденіп, кейіннен өз қажеттіліктеріне жұмсады.

 

Нәтижесінде, экс-шенеунікке 2 млн 750 мың теңге көлемінде айыппұл салып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. "Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңның жаңа редакциясына сәйкес бірінші басшы айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде отставкаға кетуге міндетті.

 

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде Құрманғазы ауданының әкімі Қ.Нұртаев қол астындағыларға қатысты сыбайлас жемқорлық жанжалынан кейін отставкаға кеткенін хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары А.Мамытов.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости