RSS лента

Атыраулық журналистерге миллион теңге беріледі

  • 24.06.2020, 17:33,
  • 1 161
  • 0
  • Автор:
Автор фото: press-unity.com

Бұған дейін екі жылда бір рет беріліп келген​ Тауман Амандосов атындағы сыйлық бұдан былай журналистер арасында​ жыл сайын иегерлерін анықтайтын болады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Және де әр номинацияға 500 000 теңге ақшалай сыйақы тағайындалады. Бұл туралы​ БАҚ өкілдерін онлайн конференция арқылы жинаған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мәлімдеді.

 

«Тауман Амандосов атындағы сыйлық иегерлері бұған дейін​ 4 номинация бойынша анықталып келген еді. Ендігі жерде номинация саны​ 10 -ға​ дейін жетіп отыр. Әр номинация иегеріне​ 500 000 теңге ақшалай сыйақы беріледі.​ ​ Бұрын сыйақы көлемі​ 150 000​ теңге​ ​ болатын.

 

Тағы бір қуанышты жаңалық сол,​ журналистерге баспана алуға қолдау көрсету мақсатында алғашқы жарна ретінде 1 миллион теңге сертификат беріледі. Аталмыш сертификат бір мезгілде​ 5 адамға беріледі деп күтілуде», - деп атап өтті онлайн жиын барысында​ Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости