RSS лента

Көпбалалы аналар жыл басынан бері 93,9 млрд. теңге жәрдемақы алды

  • 15.06.2020, 12:10,
  • 1 481
  • 0
  • Автор:
Автор фото: 7я.ру

Биылғы қаңтардан мамырға дейін 387,2 мың отбасы жалпы көлемі 93,9 млрд. теңге жәрдемақыға ие болды, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Мамыр айында жәрдемақының бұл түрін 396,5 мың отбасы жалпы сомасы 20,4 млрд теңгеге алды.

 

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға табысына қарамастан 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар көпбалалы отбасылар үміткер бола алады. Төлем мөлшері 44 532 мың теңгеден (төрт бала) 77 951 мың теңгеге дейін (жеті бала) құрайды, 8 және одан да көп баласы бар отбасылар үшін әр бала үшін сараланған түрде төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болады.


Осылайша, бүгінгі таңда тиісті жәрдемақының ұлғаюы сегіз және одан да көп балалары бар отбасылар үшін жеке мөлшерді белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі. Тиісті заңға Мемлекет басшысы осы жылдың 13 мамырында қол қойды.


Сегіз баласы бар отбасы үшін жәрдемақы 88 896 теңгені құрайды, тоғыз балаға – 100 008 теңге, он – 111 120 теңге, 11 - 122 232 теңге, 12 – 133 344 теңге, 13 – 144 456 теңге, 14 – 155 568 теңге, 15 – 166 680 теңге, 16 – 177 792 теңге төленеді.


Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді, осыған байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері ол тағайындалған кезден бастап қайта есептеледі. Осылайша, төленбеген сома ағымдағы жылдың шілде айында аударылады.


Жалпы алғанда, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 млрд. теңге қарастырылған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости