RSS лента

42 500 теңге алғаны үшін ешкім де қылмыстық жазаға тартылмайды – министр

  • 20.04.2020, 13:44,
  • 1 192
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Алихан Сариев

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осылай айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz.

«Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны үшін, тіпті жіберген қателігі үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Оған негіз жоқ. Осыған нүкте қояйық. Ешкім жауапкершілікке тартылмайды. Оны ана талқылап жатқан заңгерлер де біледі. Біз ешкімді тексермейміз. Себебі бұл – әлеуметтік төлем. Бұл – әлеуметке бағытталған төлемХалықтың басым бөлігінің табысы аз, жалақы мөлшері төмен, зейнетақы, жәрдемақы көп емес. Сондықтан көпшілік осы төлемді алғысы келеді», - деді министр брифинг барысында.

Өкінішке орай соңғы 4-5 күн бойы әлеуметтік желілерде, қоғамда «42 500 теңге алғаны үшін қылмыстық тұрғыда жазалайды екен« деген әңгіме көп таралып жатыр. Біз бәрін қарап шықтық. 5 сәуірден бастап заңгерлеріміз осы мәселеге қатысты пікірлерін айта бастаған.

Оның ішінде ерекше таралғаны сол күні «Закон.кз» порталында орыс тілінде Данияр Нұрланұлы мен Руслан Қожахмет есімді заңгер-адвокаттардың Қылмыстық кодекстің алаяқтыққа қатысты баптарын талдап, соны 42 500 теңге төлеміне қатыстырып жазған мақаласы болды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости