RSS лента

Рамазан: пітір садақаны онлайн режимде беруге болады

  • 20.04.2020, 11:05,
  • 1 104
  • 0
  • Автор: aakhmetullina

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы карантиндегі Рамазан туралы онлайн брифинг өткізді.

“Қазіргі таңда өкінішке орай, мешіттеріміз жабық. Сондықтан, пітір садақа үшін мешіт қақпаларының сыртына жәшіктер орнатылады. Сонымен бірге, әмбебап маркеттерге арнайы жәшіктер қойылады. Жәшіктерде мешіт туралы барлық ақпараттар жазылады", - дедi ол. 

Айта кетейік, ҚМДБ Төралқа мәжілісінің шешімімен биыл бір адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері 370 теңге деп бекітілді.

Пітір садақаның құны ұнның республика бойынша есептегенде нарықтық орташа бағасымен шығарылды. Ал материалдық жағдайы бар азаматтар пітір садақаны мейіз немесе құрма құнымен бергені абзал.

Оставить комментарий
Последние новости