«Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу тәртібі ағымдағы жылдың 18 сәуірінде бекітілді және бүгінгі таңда әкімдіктер өтінімдерді қабылдау үшін call-орталықтар мен ақпараттық ресурстар құру бойынша шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Әкімдіктер өтінімдерді қабылдайтын арнаулы жүйені дайындағаннан кейін ол туралы жергілікті халықты хабарландырады. Аталған жұмыс мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде жүргізіледі. Сондықтан өтінім беру үшін әкімдіктерден тиісті ақпаратты күту қажет», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ аталған көзден мәлім болғанындай, мемлекет ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айлары үшін коммуналдық қызметтерге ақы төлейді, сондықтан өтінім беруге асықпау қажет. Өйткені барлық өтініштер мамыр айын қоса алғандағы кезеңде қабылданады. Өтінімдер call-орталықтар мен ақпараттық жүйелер арқылы қабылданады. Әкімдіктерге тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін ұсыну қажет.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидаларын бекітті.