Қалалық мәслихат шешімінің сәйкес жобасы «Открытые НПА» порталында көпшіліктің талқысына ұсынылды.
Алматы қаласында пандемия кезеңінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидалары
Осы Алматы қаласында пандемия кезеңінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Алматы қаласында пандемия кезеңінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету тәртібін белгілейді.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету тәртібі және мөлшерлері
Алматы қаласында тұрақты тіркелген және тұратын азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай немесе заттай нысанда көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек біржолғы ақшалай төлем түрінде пневмония және коронавирус індетімен (КВІ) ауырған Қағиданың 15 тармағының 1)-8) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi;
2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған, аталған санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғалар;
3) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;
4) мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасылар;
5) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;
6) асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы алатын отбасылар;
7) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алатын жалғызбасты зейнеткерлер;
8) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар;
9) аз қамтылған отбасылар.
Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болғанда;
2) алушы Алматы қаласынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда.