Ол өзінің Instagram-да: “Партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен “Birgemiz” қоры таяуда біржолғы атаулы көмек көрсетудің төртінші кезеңін ұйымдастырады. Елбасының бастамасы бойынша көмек қамқоршылар кеңесінің шешімімен ауылдық елді мекендерде тұратын аса мұқтаж 80 мың отбасыға бағытталады”, - деп жазды.
Сондай-ақ , ол Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басқан Достық ауылының тұрғындарына салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысы алдағы шілдеде бітетінін де жеткізді.
Айта кетейік, тікелей Елбасының бастамасымен құрылған қорға меценаттардан 28 миллиардтан астам қаражат жиналған болатын. Барлығы 23 ірі және іргелес шағын қалалар мен ауылдарда 470 мыңнан аса жағдайы жоқ жанұя 50 мың теңге алды.
Бұдан бөлек, қор қаржысы коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина мамандарын қолдауға және тұрмысы төмен жүз мың отбасыны бетпердемен қамтуға бағытталған еді.