RSS лента

Карантиннің ашылуын талап етіп әкімдіктің алдына жиналған жұртшылыққа әкімдік өкілдері жауап берді

  • 05.06.2020, 16:49,
  • 1 767
  • 0
  • Автор: NTleukesh

Атырау облысы Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласының бір топ шағын және орта кәсіп иелері базарлар мен сауда орындарының ашылуын талап етіп жергілікті әкімдік ғимаратының алдына келіп наразылықтарын білдірген болатын. Оларға әкімдік өкілдері жауап берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімдік мамандары оларды сабырға шақырып, карантин талаптарын сақтауға шақырды. Айта кетейік, бұған дейін наразы топ «егер сөзімізге әкімдік өкілдері құлақ аспаса, аштық жариялаймыз» деп ескерткен еді.

 

Айта кетейік, Жылыой аудандық бас санитарлық дәрігер қаулысына сәйкес, мұнда 18 маусымға дейін карантин жарияланған. Аталған қаулыға сай, коронавирус дертінің таралып кетпеуі үшін барлық азық-түлік сатпайтын сауда орындары мен базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілмеген.

 

«Өйткені, соңғы мәліметтер бойынша, Жылыой ауданы аумағында орналасқан Теңіз кең орнында 1013 коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелсе, ауданның елді мекендерінде 43 жағдай анықталды. Оның 33-і Құлсары қаласынан шықты. Бұл науқастардың екеуі күні кеше қайтыс болды» деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Қазіргі кезде жиналған кәсіпкерлермен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Олардың арасында Жылыой ауданының әкімі мен ауданның бас санитарлық дәрігері де бар. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасымен Құлсары қаласына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев аттанған.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда коронавирустан екі адам қайтыс болып, оның бірі үйінде бір апта жатып қалған болатын.




Оставить комментарий
Последние новости