Штабтың мәліметіне сәйкес, тоғыз науқастың барлығы - Теңіз кен орнында жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері.
Атап айтқанда, олар 1993, 1999, 1979, 1992, 1985, 1981 және 1999 жылғы сегіз ер адам, сонымен қатар, 1981 жылғы әйел адам.
Covid-19 анықталғанға дейін, науқастардың барлығы бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарда жатқан. Жұмысшылардан сынама алынып, нәтижесінде олардың да инфекция жұқтырғаны анықталды.
Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.
Олармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған.
Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2020 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 202 адамнан COVID-19 індеті анықталды. Ал, аталмыш дерттен айығып шыққандар саны - 76.