Олардың арасында 6 000 нан астам жұмысшы Атырау облысының, 2 000 нан астамы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының, 600 ден астамы Маңғыстау облысының тұрғындары. Қалған қызметкерлер Қазақстанның өзге де өңірлерінен келген мамандар.
Қазіргі уақытта 10 мыңнан астам жұмысшы шығарылды. Оның ішінде 4 мыңға жуық жұмысшы әуе жолымен, 3 мыңға жуық жұмысшы темір жол қатынасымен, 3 мыңнан астам жұмысшы автобус көлігімен тасымалданды. Қалған жұмысшыларды шығару процесі 5 мамырда аяқталады деп күтілуде.
Бүгінгі таңда Теңіз кенішіндегі жұмысшылар арасында қауіпті дертке шалдыққандар саны 71 адамға жетті. 12 жұмысшы жазылып шықты. Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған 1,5 мыңнан астам жұмысшы анықталды. Оның ішінде 847 адам жақын қатынаста, 718 адам байланыста болған.
Қазір ғана белгілі болғандай, Теңіз кенішінде тағы үш жұмысшы Covid-19 вирусын жұқтырды. Сөйтіп, Атырауда коронавирус инфекциясы анықталған адамдар саны 135 адамға жетті.
Науқастардың екеуі 1989 жылы туған, біреуі 1969 жылы туған ер адамдар. Олардың барлығы Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің жұмысшылары.
Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған болатын.
Төртінші науқас 1969 жылғы әйел адам. Ол бұған дейін қауіпті топтың қатарында болған. Әйел адам жоспарлы ПЦР тестілеуден өтті. Нәтижесінде коронавирус инфекциясы расталды. Осылайша Атырауда вирустың жаңа ошағы анықталып отыр.
Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен байланыс жасаған адамдар анықталып, оқшаулануда. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жүріп жатыр.