Қауіпті індет табылғандар 1969, 1994, 1977, 1996, 1991, 1979, 1985, 1976 жылы туған ер адамдар. Және 1983 жылғы әйел адам.
Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған болатын.
Аталған азаматтарға жасалған ПЦР диагностикалық зерттеуінің нәтижесі коронавирус инфекциясын растады.
Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлығы дәрігерлік қатаң бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекция жасалуда.
26 сәуір күнгі жағдай бойынша, Атырау облысында 117 адамнан коронавирус инфекциясы расталып отыр. Cауығып шыққандар саны — 42.