Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Сайын Шомиров қызметінен уақытша босатылды. Қазіргі уақытта басқарманың медициналық мекемеде коронавирустық инфекцияның таралуына жол берілуі фактісі бойынша комиссия құрылды.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір күні Бас дәрігердің шешімі бойынша науқастар мен облыстық аурухананың дәрігерлері коронавирус инфекциясын жұқтыруына байланысты аурухана карантинге жабылған болатын. 31 наурыздан бастап медициналық қызметкерлер арасында 10 фактісі және науқастардың ішінде қауіпті індетті жұқтырған 12 фактісі анықталды.
- Қазіргі уақытта комиссия Covid -19 жұқтырудың алғашқы және кейінгі фактілерін тіркеу кезіндегі аурухана басшылығының іс-әрекеттерін тексеруде. Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша қазіргі бас дәрігерді қызметінен уақытша босату немесе қызметінен босату туралы шешім қабылданады, деп хабарлады жедел штаб.
Айта кетейік, облыстық аурухана қазір қалыпты режимде жұмыс істейді, науқастарды шұғыл түрде емделуде. Тұрғындарды жеті бөлім қабылдауда -
гинекология, гематология,
нейрохирургия, травматология,
нейротравматология,
хирургия және реанимация.
Карантиннен кейін 160 медицина қызметкері жұмысқа шықты.