RSS лента

Атырауда 82 жастағы ақсақал коронавирустан сауығып шықты

  • 27.04.2020, 09:06,
  • 1 893
  • 0
  • Автор:

«Қазіргі таңда коронавирустан айыққан ақсақал облыстық кардиологиялық диспансеріне орналастырылды» деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қалыптастыру жөніндегі шұғыл штаб.​

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Таңбаеваның айтуынша, 82 жастағы емделуші облыстық кардиологиялық диспансеріне жатқызылды.​

«Екі жақты пневмония, яғни, өкпенің қабынуын тудырған коронавирус инфекциясы науқастың жүрек қан тамырларындағы ишемиялық ауруын қоздырып жіберді. Қазіргі таңда науқас кардиостимулятор аппаратына қосылулы» деді Гүлнафис Таңбаева.​

Бүгінгі таңда науқас тиісті ем қабылдап жатыр. Аритмологтар мен кардиологтардың бақылауында.​

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости