RSS лента

Коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі айтылды

  • 20.04.2020, 11:02,
  • 1 173
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ТАСС

Қауіпті дерттен көз жұмғандардың денесі туыстары мен жақындарына берілмейді және ашылмайды, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы.

Дін істері басқармасының айтуынша, қазіргі уақытта​ коронавирус жұқтырған науқастарды жерлеудің алгоритмі жасалған. Атап айтқанда, Covid-19 індетінен көз жұмғандарды жерлеу рәсіміне қатысу үшін жедел штабқа алты адамнан тұратын екі топ бөлінді. Олар тәртіп сақшылары, індетке​ қарсы станцияның мамандары және бір реттік қорғаныс костюмдерімен жабдықталатын дін қызметкерлері.

– Қайтыс болған адамның діни қажеттілігін ескере отырып, бірінші топ марқұмның​ денесін​ діни ережелерге сәйкес​ тазартады.​ Бұл жағдайда барлық материалдар дезинфекциялаушы заттармен мұқият өңделеді, дене жуылғаннан кейін арнайы​ материалдармен, ауа өткізбейтін тығыз матамен оралады, содан соң​ өңделген ағаш немесе мырыш қорабына салынады, – дейді Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиев.

Ал, екінші топ бір реттік қорғаныс костюмдерін кию арқылы​ денені тасымалдауға​ қатысады. Сондай-ақ, денені​ арнайы бөлінген жерге көмуді ұйымдастырады. Марқұмды​ қаладан тыс жерлеу​ аумағын жергілікті атқарушы орган анықтайды.

"Діни қызметкерлердің қатысуымен марқұмның денесі​ діни канондарға сәйкес жерленеді. Жерлеу рәсіміне қатысатын​ туыстары мен жақындарының саны алты адамнан аспауы тиіс.​ Осыған байланысты тиісті қауіпсіздік шаралары қабылданды.​ Діни рәсім қайтыс болған адамның денесінен 4 метр қашықтықта өтеді.​ Кейін жерлеуге қатысушылар​ санитарлық өңдеуден өтіп,​ ақтық сапарға шығарып салуға жұмылдырылған барлық​ автокөлік дезинфекцияланатын болады", – деп түсіндірді Хайролла Көшқалиев.

Рәсімге​ қатысушылар 14 күндік карантингежатқызылады. Карантиндік режимнің сақталуын учаскелік полиция қызметкерлері, учаскелік дәрігер және емхананың медицина қызметкерлері жүзеге асырады. Коронавирустан​ көз жұмған науқастың​ діни жоралғысына​ кеткен барлық​ шығынды​ жергілікті атқарушы органдар өтейді.

Егер, жергілікті тұрғын коронавирустық инфекциядан​ басқа себептермен көз жұмған​ болса, денесі қоғамдық зиратқа жерленеді. Жерлеу рәсіміне​ үш автокөліктен 10-15 адам​ қатыса алады.

"Ондай жағдайда​ Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес,​ кез келген еске алу​ шараларына тыйым салынған. Сонымен қатар, адамдардың жерлеу рәсімінен кейін​ үйге жиналуына да​ рұқсат етілмейді",- деп​ қорытындылады​ Хайролла Көшқалиев.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости