RSS лента

Атырауда коронавирустан үш адам жазылды

  • 13.04.2020, 15:32,
  • 775
  • 0
  • Автор: NTleukesh

Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, олар Атырау облысындағы Covid-19 жұқтырған алғашқы науқастардың бірі.

Бүгін, 13 сәуір күні коронавирустан айыққан тағы үш емделуші инфекциялық стационардан шықты. Емделіп шыққандар қатарында - үшінші емхананың мейірбикесі, «Нұр-Сұлтан-Атырау» бағытындағы поезд бен «Стамбул-Атырау» рейсінің жолаушысы бар.


"Жазылып шыққандардың барлығы өздерін жақсы сезінеді. Оларды медициналық мекемеден шығар кезде туыстары мен достары қарсы алды", - дейді штаб өкілдері.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости