RSS лента

Карантиндегі кәсіп: ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, КӘСІПКЕР?

  • 28.04.2020, 11:30,
  • 1 260
  • 0
  • Автор:

Төтенше жағдай енгізілгелі атыраулық кәсіпкерлер үшін шұғыл штаб құрылды. Оның жұмыс бағыты жайында бізге өңірлік кәсіпкерлік палата басшысы Абдолла Идресов айтып берді.  

– Осынау қиын-қыстау кезеңде бизнеске бұғау болар жайттар белең алатыны белгілі ғой. Қай кәсіпкер қандай мәселесін шеше алмай жатыр, осыны анықтау үшін біз 95 кәсіпкерлік тұлғамен телефон арқылы байланыстық. Бұл жұмыс күн сайын жүргізіліп отыр. 23 наурыздан бастап жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізіліп келеді. Нәтижесінде, қай кәсіпорында қанша жұмысшы қысқарғанын немесе ақысыз демалыс алғанын бақылап отырамыз. Штабқа шағын және орта бизнес өкілдерінен елуге жуық өтініш түсіп, жүзге жуық мәселе тіркелді. Онлайн түрде шелімеген проблеманы арнайы мамандар аяқтай жүріп шешеді, – дейді ол.

Сөйтсек, кәсіпкерлердің көбісін несиелік қарыз, салықтық төлем, жалға алу құны, жұмыстан босағандарға берілетін әлеуметтік төлем және басқа да мәселелер толғандырады екен.

– Бүгінде біз жергілікті тауарөндірушілер тізімін жасадық. Оған облыста 745 түрлі тауар шығаратын 150 отандық мекеме кірді. Атап айтсақ, бұлар – ағаш өңдеу, жиһаз өндірісі, қағаз, тамақ, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металлургия, мұнай өңдеу, құрылыс материалдарын шығару, химия өнеркәсібі және фармацевтика.

Мемлекеттік тапсырысты орындауда ең үлкен басымдық осы отандық тауарларға беріледі деп жоспарланып отыр. Өйткені, бүгінгі нарықта қалыптасқан жағдайды ескерсек, жергілікті тауарөндірушілерге зор қолдау көрсетуіміз керек. Әйтпесе, өнім көлемі күрт азайып, көп адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Ал, мұндай олқылықтың орнын толтыру кейін қиынға соғады, – дейді палата директоры.

Екінші бір мәселе – азық-түлік бағасын бақылау жайы. Дұрысында, бағаны «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмайтындай» етіп қою қажет. Әсіресе, әлеуметтік маңызы зор тауардың жөні бір бөлек. Олардың саны – 19. Ал, соның жетеуі – сырттан саудаланып жатыр.

Жалпы алғанда, Атырауда шектен тыс шарықтаған баға әзірге тіркеле қойған жоқ. Бұған арнайы бақылаудың да оң әсері болар. Десек те, дүкен сөрелерінде аз да болса ұн, макарон мен қант тапшылығы байқалады. Бұлар да өзімізде өндірілмейді, тыстан тасымалданады.

Айтпақшы, аталған палата күшімен қазір ірі сауда орталықтарының басшыларымен жалға беру төлемін үш айға тоқтата тұру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Тіпті, тоқтата тұру былай тұрсын, жалға құнын жарты бағасына түсіргендер де табылды. Солардың бірі – «Өнерпаз» мекемесі. Ал,  «Дина» мен «Насиха» сауда орталықтары үш айлық каникул қарастыруға дайын.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости