RSS лента

ТЕҢІЗДЕН ТАҒЫ 15 НАУҚАС АНЫҚТАЛДЫ. ӘЛІ ҚАНШАСЫ БАР?..

  • 03.05.2020, 14:45,
  • 1 110
  • 0
  • Автор: NTleukesh

Шұғыл штаб таратқан ақпаратқа қарағанда, соңғы инфекция табылған 15 адамның барлығы Теңіз кенішінің жұмысшылары.

Соның ішінде он жұмысшы – 1987, 1977, 1992, 1994, 1967, 1993, 1994, 1970, 1990, 1975 жылы туған ер адамдар. Сондай-ақ, бес жұмысшы 1971, 1978, 1990, 1972, 1979 жылы туған әйел адамдар.

Белгілі болғанындай, науқастардың барлығы Теңіз кенішіндегі мердігер компаниялардың қызметкерлері.

Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған болатын.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен байланыс жасаған адамдар анықталып, оқшаулануда. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жүріп жатыр.​
Бүгінгі, 2 мамыр күнгі жағдай бойынша, Атырау облысында 161​ адамнан коронавирус инфекциясы расталып отыр.​ Оның ішінде 97 адам Теңіз кенішінің жұмысшылары. 70 адам жазылып шықты.​

Атырауда карантинге орай тұрғын үй құрылысы тоқтайды деген ақпарат қаншалықты рас?
Жауапты мамандардан білгеніміздей, бұл - жалған ақарат.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Амановтың айтуынша, қазір өңірде 62 нысанның құрылысы жүріп жатыр. 44 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы жасалуда.

Құрылыс нысандары, сонымен қатар, құрылыс саласы аймақ экономикасы үшін айрықша маңызға ие. 2020 жылдың бірінші тоқсанында 9 нысан пайдалануға берілді (мәдениет үйі, балабақша, оқушылар мен жастар сарайы, жатақхана, ДСК, т.б.), екінші тоқсанда 8 нысанның құрылысын аяқтау жоспарда бар. Биыл  тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстары қарқынын тоқтатпайды.

Өңір басшысы салынған нысандардың сапасы мен қауіпсіздігі, жобалау-сметалық құжаттама дайындау кезіндегі бұзушылықтарға назар аудару керектігін айтты. Себебі, аталған жайттар құрылыс процесін созып, бастапқы жоспарларды өзгертуге себеп болады.

Жиын соңында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов құрылыс сапасын әсіресе, әлеуметтік нысандарды бақылауға алуды айрықша тапсырды. 

-Нысандар уақтылы  тапсырылуы тиіс. Салынған нысандардың сапасына көңіл бөлінуі керек. Ешқандай сын көтермейтіндері де бар. Бәрі емес әрине, бірақ мұндай деректердің бары рас. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне әлеуметтік нысандардың құрылысын бақылауды тапсырамын,- деді ол. 
Оставить комментарий
Последние новости