Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, өткен тәулікте 149 адамнан коронавирус ПТР-тест арқылы расталған. Науқастардың арасында Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 144 жұмысшы бар. Ал Атырау қаласында - 4, Жылыой ауданында 1 адам қауіпті індетке шалдыққан. Коронавирус 25 науқаста симптомды түрде өтуде. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 43 адам сауығып шыққан.
Қазір 290 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық 91, аудандардағы стационарларда 38 науқас жатыр. Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 778 адам ем қабылдауды жалғастыруда.