RSS лента

Теңіз кенішіндегі науқастардың жағдайы қалай?

  • 11.12.2020, 17:07,
  • 693
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда коронавирус инфекциясын жұқтырған 200 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Өткен тәулікте 28 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Оның ішінде Атырау қаласының 8 тұрғыны мен Теңіз кенішіндегі 17 жұмысшы бар. Сондай-ақ, Құрманғазы ауданында тұратын 3 адамнан да қауіпті індеттің белгісі табылған.

 

Атырау облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 48 науқас емделіп шықты. Қазір 136 адам үй жағдайында, облыстық инфекциялық стационарда 48 , Индер, Қызылқоға, Құрманғазы аудандарындағы стационарда 8 пациент емделуде. Ал, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 200 науқас ем қабылдап жатыр» делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.

Оставить комментарий
Последние новости