RSS лента

COVID-19: Теңіз кен орнындағы ахуал алаңдатып отыр...

  • 05.12.2020, 23:18,
  • 588
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Денсаулық сақтау басқармасы Теңіз кенішінің стационарында науқастар санының артуына байланысты қосымша мамандар жіберуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Теңіз кен орнындағы  315 орындық инфекциялық стационарда  15 маман жұмыс істеуде. Бүгінгі күні мұнда  111 науқас ем қабылдауда. Осылайша стационар жүктемесі 35,2 пайызды  құрап отыр.

 

Соған  сәйкес,  Денсаулық сақтау басқармасы бүгін Теңіз кен орнына қосымша 8 маманды жіберуге шешім қабылдады.  Оның ішінде 2 дәрігер, 2 мейіргер және 4 санитар бар.

 

Айта кетейік,  қараша айынан бастап Теңіз кен орнында коронавирус инфекциясын жұқтырған 140 жағдай тіркелді.  Оның 71-і соңғы 4 тәулікте тіркеліп отыр.

 

Қазіргі уақытта Атырау облысы коронавирус індетінің таралуы бойынша сары аймаққа өтті.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости