RSS лента

COVID-19: Қазақстанда бір тәулікте 944 жаңа жағдай тіркелді

  • 12.06.2020, 11:21,
  • 1 977
  • 0
  • Автор:

Елімізде өткен тәуліктерде ауру белгілерімен 314 және коронавирус індетінің белгілері жоқ 630 тасымалдаушы тіркелді. Ауру белгілері жоқ науқастар жалпы статистикаға тіркелмейді. Десек те, барлығын қосқанда өткен тәуліктерде барлығы 944 жағдай тіркеліп отыр. Бұл – еліміздегі жаңа антирекорд, деп хабарлайды Turantimes.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып.

11 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда өткен тәулікте 314 адам (ауру белгілері тіркелген науқастар) коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша:
Қарағанды ​​облысы - 52 (4,0%)
Нұр-Сұлтан қаласы - 50 (1,9%)
Ақтөбе облысы - 48 (10,8%)
Алматы қаласы - 48 (1,6%)
Шымкент қаласы - 29 (2,8%)
Алматы облысы - 20 (4,3%)
Батыс Қазақстан облысы - 15 (1,7%)
Атырау облысы - 14 (1,1%)
Маңғыстау облысы - 11 (3,1%)
Шығыс Қазақстан облысы - 9 (4,2%)
Жамбыл облысы - 5 (1,1%)
Түркістан облысы - 4 (1,0%)
Солтүстік Қазақстан облысы - 4 (5,6%)
Ақмола облысы - 2 (1,1%)
Павлодар облысы - 2 (0,7%)
Қостанай облысы - 1 (0,5%)

248 адам емделіп шықты.

Осылайша, өсім 2,3% құрады.

 

Бұдан бөлек, өткен тәуліктерде Қазақстанда жалпы есепке кірмейтін 630 симптомсыз инфекция тасымалдаушы тіркеліп отыр. Атап айтқанда:

 

Нұр-Сұлтан қаласы - 385 (+53)
Алматы қаласы - 421 (+130)
Шымкент қаласы - 395 (+30)
Ақмола облысы - 30 (+2)
Ақтөбе облысы - 60 (+16)
Алматы облысы - 214 (+49)
Атырау облысы - 343 (+119)
Шығыс Қазақстан облысы - 136 (+29)
Жамбыл облысы - 46 (+7)
Батыс Қазақстан облысы - 249 (+19)
Қарағанды ​​облысы - 428 (+125)
Қостанай облысы - 28 (+7)
Қызылорда облысы - 82 (+1)
Маңғыстау облысы - 130 (+15)
Павлодар облысы - 35 (+5)
Солтүстік Қазақстан облысы - 103 (+23)
Түркістан облысы - 74

Жалпы белгілері жоқ тасымалдаушылар Қазақстанда - 3159. Ал, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 13872, емделіп шыққандар - 8593, кайтыс болғандар - 67.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости