Олардың бірі Шымкент қаласынан, 1959 жылы туған ер адам. Екіншісі, Павлодар облысынан, 1966 жылы дүниеге келген әйел адам. Үшіншісі, Батыс Қазақстан облысынан, 1967 жылы туған науқас болатын. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады. Осылайша, Қазақстан бойынша барлығы 41 адам қайтыс болды.
Елімізде өткен тәулікте 450 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 4,1% құрады.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 101 (4,8%)
Атырау облысы - 69 (6,7%)
Қарағанды облысы - 59 (6,8%)
Батыс Қазақстан облысы - 44 (7,1%)
Шымкент қаласы - 32 (3,8%)
Алматы қаласы - 31 (1,2%)
Қызылорда облысы - 31 (8,4%)
Маңғыстау облысы - 17 (6,8%)
Шығыс Қазақстан облысы - 16 (13,4%)
Ақмола облысы - 14 (9,2%)
Түркістан облысы - 9 (2,4%)
Алматы облысы - 8 (2,3%)
Солтүстік Қазақстан облысы - 5 (9,3%)
Қостанай облысы - 5 (2,8%)
Ақтөбе облысы - 5 (1,5%)
Жамбыл облысы - 3 (0,8%)
Павлодар облысы - 1 (0,5%)
Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны – 11 308.