RSS лента

Алматыда апаттан жарақат алған екінші полиция қызметкері қайтыс болды

  • 25.05.2020, 09:31,
  • 1 285
  • 0
  • Автор:

Таңертең сағат 05:30 шамасында Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылында болған жол-көлік оқиғасында жарақат алған полиция сержанты Дастан Әбдіканов есін жимастан ауруханада қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция сержанты Әбдіканов Дастан Маратжанұлы, 1994 жылы туған, Алматы қаласының тумасы. Ол полицияда 2016 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, бір қыз тәрбиелеп отырған. 

Еске салсақ, осы апат салдарынан полиция аға лейтенанты 1978 жылы туған Жалғас Жанғазиев оқиға орнында қайтыс болды. №4 бақылау-өткізу пунктінің бетон қоршауына, содан кейін патрульдік көлікке соғысқан жүргізуші мас күйінде болған. Жеке іс материалдарынан: Жанғазиев, 1978 жылы туған, Батыс Қазақстан облысының тумасы. Құқық қорғау органдарында 2001 жылдан бастап қызмет етті. Үйленген, екі қыз тәрбиелеп отырған. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости