RSS лента

Теңіз кенішіндегі Covid-19: Тоғжанов неге шүйлікті?

  • 20.05.2020, 12:12,
  • 1 893
  • 0
  • Автор:

Арнайы жұмыс тобының мүшелері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың тапсырмаларын орындау барысын тексеруге ниетті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Атырау облыстық Жедел штабына сілтеме жасай отырып.

Кеше, 19 мамыр күні құрамына Атырау облысы әкімінің екі орынбасары, бірқатар облыстық департаменттер мен құқық қорғау органдарының басшылары, ТШО басшылығы және облыстың Бас дәрігері кіретін арнайы жұмыс тобы Теңіз кенішіне барды. Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов та болды.


Комиссия бірнеше күн ішінде 2020 жылдың 14 мамырында Атырау облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың тапсырмаларының орындалу барысын тексеруге ниетті.


Атап айтқанда, сапар барысында «Теңізшевройл» ЖШС мердігер мекемелерінің қызметкері болып табылмайтын тұлғаларды анықтау мақсатында Атырау облысының әкіміне Теңіз кенішіндегі барлық ауысымдық лагерлерге тексеріс жүргізу тапсырылды. Карантинге жабылған вахталық аймақтардың кіру / шығуына блок-посттар орнату. Санитарлық-дезинфекция режимін сақтауды қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау және энергетика министрлеріне типтік инфекциялық аурухананың құрылысын қарастыру міндеттелді.


Атырау облысының әкімдігі мен "Теңізшевройл" ЖШС-на алгоритм әзірлеу, егжей-тегжейлі жоспар дайындау және қызметкерлерді ауыстыру, инфекция ошақтарын оқшаулау, сондай-ақ кен орнындағы жұмысшылар арасында қауіпті дерттің таралуын болдырмау, инфекцияны Атырау қаласына кіргізбеу тапсырылды.


- Арнайы жұмыс тобының бірінші күндік жұмыс қорытындысы бойынша ТШО мердігерлерінің орналасқан жерін анықтау жоспарын құру, карантиндік аймақтарға бақылаусыз кіруге тыйым салу, кезекшілікте тұрған адамдардың санын анықтау, өндіріс процесіне қатыспайтын адамдардың орнын тексеру және оларды шығаруды ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, қызметкерлерді тестілеуден өткізу кестесін де жасаған жөн. Мұнымен қоса, сапалы эпидемиологиялық тексеріс қажет, - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.


Айта кетейік, арнайы жұмыс тобы бірнеше күн ішінде Теңіз кенішіндегі жағдайды тұрақтандырып, қызметкерлер арасында коронавирус инфекциясының алдын алу үшін бірқатар нақты шараларды қабылдайтын болады. Сонымен қатар, комиссия вахталық уақыты біткен қызметкерлерді демобилизациялауды жеделдету жоспарын әзірлеуге мүдделі. Бұдан бөлек, жұмыс тобы кен орнында бірнеше күн бұрын ашылған 230 орындық инфекциялық стационардың қызметіне, карантиндік орталықтардың жай-күйіне, дерт жұқтырғандармен байланыста болғандарды оқшаулау жағдайларына және санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуына мониторинг жүргізетін болады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости