RSS лента

935 қызметкері коронавирус жұқтырған Теңіз жабыла ма?

  • 21.05.2020, 09:16,
  • 1 622
  • 0
  • Автор:

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова толығырақ айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Індетке шалдығу көрсеткішінің өсіміне жабық ұжымдардағы науқастар санының артуы себеп болып отыр. Бүгінгі күні 935 жағдай тіркелген Теніз кенішінде сырқаттанушылардың артуы байқалады. Шымкентте де «PetroKazakhstan Oil Production» ЖШС қызметкерлері арасында жаппай сырқаттану тіркелді. Компания қызметкерлері арасында 101 жағдай, мердігер ұйымдарда – 23 және үй ошақтарында байланыста болғандар арасында 69 жағдай тіркеліп отыр. Қарағанды облысында «Қазақмыс» коропорациясы кеніштерінің бірінде 34 жағдай тіркелді», – деді еліміздің бас санитарлық дәрігері Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, Теңіз кенішінде сырқаттанудың артуына байланысты Атырау облысына үкіметтік комиссия жіберілген. Комиссия шешімімен аталған кеніште коронавирустың алдын алуға бағытталған жұмыстардың жоспары, кестесі қабылданды.

«Қазіргі уақытта аталған жоспардың, кестенің орындалуына бақылау жүргізу қажет. Олай болмаған жағдайда, науқастар санының артуына байланысты оқшаулануға және кәсіпорынның өздігінен не мәжбүрлі түрде жабылуына алып келеді»,- деді Айжан Есмағамбетова.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости