RSS лента

Атырауда бір күнде үш адам коронавирустан көз жұмды

  • 17.06.2020, 16:19,
  • 1 099
  • 0
  • Автор:
Автор фото: kaztag.kz

Атырау облысы, Жылыой ауданында 1972 жылғы науқас 15 маусымда қайтыс болды.​ Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, марқұм 13 маусымда дене қызуының көтерілуі, тыныс алуы қиындығы мен аздаған жөтелге шағымданып, Жылыой ауруханасының провизорлық бөліміне жедел жәрдем арқылы жеткізілген. КТ сараптамасы жасалған соң, өкпесінің 50 %-ның қабынуы анықталған. Жағдайының ауырлығына байланысты инфекциялық аурухананың бокс палатасына аударылып, көмек көрсетілді.​ Сондай-ақ, Облыстық аурухана мамандарымен кеңесе отырып, жасанды өкпе желдету аппаратына қосу туралы шешім қабылданды. Дәрігерлер тарапынан жасалған көмек деңгейіне қарамастан, науқас 15 маусым күні қайтыс болды.​ Бұған дейін денсаулығына байланысты есепте тұрмаған.

1965​ жылғы екінші ер адам​ провизорлық стационарға түскенге дейін ауырып, бес күн өткен соң ғана емхананың​ медициналық қызметіне​ жүгінген.​ Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек,​ ер адамда интосикация синдромы мен тыныс алу жолдарының жетіспеушілігі болған.​ Соның салдарынан ауруханаға түскен сәттен бастап науқастың жағдайы​ ауырлаған.


Ал, қауіпті індеттен​ қайтыс болған үшінші ер адам​ –​ 1963 жылы туған Құлсары қаласының тұрғыны. Қабылдау кезінде бұл науқаста да интоксикация синдромы, тыныс алу жеткіліксіздігі анықталған.​ Дәрігерлердің​ барлық реанимациялық және емдік шараларды жүргізгеніне қарамастан,​ жағдай жақсармады.​ Науқастардың​ қорытынды диагнозы: КВИ, екі жақты полецегменттік пневмония. Осылайша, Атырауда алты адам коронавиурстан​ көз жұмып отыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости