Егер естеріңізде болса, провизорлық стационарға түскенге дейін ауырып, бес күн өткен соң ғана емхананың медициналық қызметіне жүгінген1965 жылғы ер адам интосикация синдромы мен тыныс алу жолдарының жетіспеушілігінен қайтыс болғанын жазған едік. Ал, қауіпті індеттен қайтыс болған екінші ер адам – 1963 жылы туған Құлсары қаласының тұрғыны. Науқастардың қорытынды диагнозы: КВИ, екі жақты полецегменттік пневмония.
«Марқұмдар барлық санэпидемиологиялық талаптардың сақталуымен жерленуі тиіс емес пе? Жақындарымыздың бір қабірде жерленуіне қарсымыз. Олардың денесін өзімізге қайтаруды сұраймыз. Жылой ауданында арнайы орын бар, сонда бөлек-бөлек жерлейміз», - дейді туыстары.
Екіншіден, марқұмның туыстары коронавиурстан көз жұмғандардың тұрғын үйлерге жақын орналасқан молаға жерленуіне де қарсы. Өйткені, жап-жақын жерде үйлер көп және балалар ойнайды. Расымен де, ертеңгі күні солардың біреуі болмаса біреуі жұқпалы дертке шалдықса кім жауап береді? Бұған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембием мардымды жауап бере алмады. Бар болғаны, барлығы да жергілікті бас санитарлық дәрігердің талаптары бойынша жасалғанын айтты.
(Видео "Каспий ньюс" телеарнасынан алынды)