RSS лента

Қазақстанда коронавирустан үш науқас көз жұмды

  • 08.06.2020, 16:03,
  • 1 094
  • 0
  • Автор:

Қазақстанда үш науқас коронавирус індетінен қайтыс болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Олар – Павлодар облысында 1957 жылы туған ер адам, Атырау облысында 1948 жылы туған әйел, Қарағанды облысында 1963 жылы туған ер адам. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Осылайша, Қазақстан бойынша барлығы 56 адам жұқпалы дерттен көз жұмды. Жалпы алғанда, ел бойынша ауырғандар саны 12859, емделіп шыққандар 7376, кайтыс болғандар 56 адамды құрап отыр. Ал, ауру белгілері жоқ вирус тасымалдаушылар саны – 1357.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости