RSS лента

Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 756 адам ем қабылдауда

  • 18.01.2021, 05:42,
  • 488
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Атырау облысында өткен тәулікте 91  адамда коронавирус анықталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен білгеніміздей, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 20-сы Атырау қаласынан тіркелген.

 

Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 59 жұмысшыдан, Жылыой-1, Қызылқоға-2, Индер- 6, Махамбет-1, Құрманғазы ауданында 2 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 16-ында ауру симптомды түрде өтуде.  

 

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 80 адам  емделіп шықты.Қазіргі уақытта 293  адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда  100  науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 42,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 756 адам ем қабылдауда.

 

Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймақта»  қалып отыр. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости