«11 мамырда астана өзінің бұрынғы карантин режимінде өмір сүрмек. Өйткені, карантин әзірге алына қойған жоқ. Рұқсат етілген кәсіпорындар ғана жұмысын жалғастыра береді. Блокпосттар да алынбайды және қоғамдық көлік те жүрмейді», - деп ақпараттандырды астаналық әкімідктің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.
Осылайша, карантин кезінде астанада келесі қызмет түрлерін көрсетуге рұқсат берілген:
- сағат 17:00-ге дейін жұмыс кестесімен жалпы алаңы 500 м² дейін азық-түліктік емес дүкендер (барлық бағыттар);
- шаштараздар, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары (алдын ала жазылу бойынша, залда 3 клиенттен көп емес болуы, үй-жайларды күнделікті өңдеу);
- жеке сот орындаушылары (алдын ала жазылу бойынша);
- адвокаттар (алдын ала жазылу бойынша);
- медициналық орталықтар (алдын ала жазылу бойынша);
- стоматологиялық клиникалар (алдын ала жазылу бойынша);
- жарнама агенттіктері (алдын ала жазылу бойынша);
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары және төлем терминалдарына қызмет көрсету;
- фотосалондар және гүл дүкендері;
- клинингтік қызметтер;
- көшедегі спорт сабақтары мен жаттығулар;
- ұялы телефондарды жөндеу және аксессуарларды сату, кілттерді, сағаттарды, құлыптарды және т. б. жөндеу және дайындау.
Карантин мен төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде қаржы нарығының субъектілері қаржы нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті органдар шығаратын актілерге сәйкес қызметті жүзеге асырсын.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтары мына мекен-жай бойынша қызмет көрсетеді:
- 2020 жылғы 4 мамырда сағат 9: 00-ден бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтілген түрде сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 09: 00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесімен тек қана кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсету үшін Мәңгілік Ел даңғылы, № 30 («Есіл» ауданының №1 бөлімі);
- Тек қана автосалондар үшін қызметтер көрсету үшін 20-40 к-сі, № 2 (Мамандандырылған бөлім)
Штабтың 2020 жылғы 28 наурыздағы № 06 шешіміне қосымшада көрсетілген ұйымдар мен кәсіпорындар үшін жоғарыда аталған және рұқсат етілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызметтің барлық өзге де түрлері карантин және төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде тоқтатылған түрінде қалады.
«Қызметтің кезең-кезеңмен 11 мамыр мен 15 маусым аралығында жандануы жайлы желіде «желдей есіп» жүрген құжат шындыққа жанаспайды. Расталмаған ақпаратқа сене бермеуді сұраймын. Барлық ресми жаңалықтар жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында, сондай-ақ, премьер-министрдің сайтында жарияланады», - деп нақтылады Олжабаева.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев егер коронавирусқа қатысты жағдай нашарлап кетпесе, онда Қазақстанда ТЖ режимі 11 мамырда алынып тасталады деп хабарлаған болатын. Бүгін Мемлекет басшысы Мемлекеттік комиссия отырысында сөз сөйледі.