RSS лента

«Бастау» жобасы жалғаса береді

  • 23.04.2020, 18:11,
  • 1 119
  • 0
  • Автор: NTleukesh
Автор фото: logaster.ru

Елімізде төтенше жағдай енгізіліп, Атырау тұтастай карантинге жабылды. Бірақ, бұл кәсіпкерлікке кедергі емес. Өйткені, осыған дейін жүзеге асырылып келе жатқан бірқатар мемлекеттік бағдарламалар өз жұмысын тоқтатпайды. Солардың бірі – «Бастау» жобасы.

Елдегі жағдайға қарамастан, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалы онлайн форматта жұмысын жалғастырып жатыр. Осындағы кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Жанаргүл Жоламанованың сөзіне сенсек, бизнес бастаудың қыр-сырын үйрететін жоба жоспар бойынша мың адамды қамтиды екен. ​ ​


"Оқу курсы мамыр айына қарай басталады деп жоспарлануда. Нақты мерзімі www.services.atameken.kz сайтында жарияланатын болады. Шарт бойынша мың адам оқиды десек те, қазірдің өзінде өтініш бергендер қатары 2000-ға жетіп отыр. Елімізде төтенше жағдай режимі енгізілген 16 наурыздан бастап палатаның мнеджерлері мен кеңесшілері онлайн түрде қызмет көрсетуге көшті. Кәсіпкерлер үйде отырып-ақ палатаның ресми сайты арқылы онлайн-қызметтерге өтініш бере алады. Тек электронды сандық қолтаңбасы болса жеткілікті. Осы орайда, «Бастау» жоабсы да биыл онлайн режимде өтеді. Қазір оған қатысуға өтініштер қабылдау аяқталды. Барлық сауалдарды палата филиалының «atyrau.atameken.kz» электронды поштасына жолдауға болады", - дейді Жоламанова.


Жалпы, осы жылдың алғашқы тоқсанында Атырау бойынша палата қызметкерлерімен 133 кәсіпкерге 140-тан астам қызмет көрсетіліпті. Бұл қатарда құқықтық, есептік-салықтық, санақ, маркетинг пен сатып алу қызметтері бар. Ал, ақпараттық қамту бойынша 1300 қызметті 479 кәсіпкер өз кәдесіне жаратқан.

Оставить комментарий
Последние новости