Байбектің сөзінше, 50 мың теңге көлеміндегі төлемнің үшінші кезеңі ұйымдастырылуда. «Осы аптаның өзінде шағын қалалардың, ауылдар мен ірі қалаларға іргелес елді мекендердің мұқтаж тұрғындарынан тұратын 110 мыңдай отбасыға қосымша атаулы қаржылық көмек көрсетілетін болады» деп жазды ол.
Сол секілді, таяу уақытта тағы да қосымша қаражат түседі деп күтілуде. Осыны ескере отырып, аталған төлемдерді төртінші мәрте төлеу мүмкіндігі де пысықталды.