Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 20 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) біржолғы төлем алу үшін азаматтардан 2 млн 579 мыңнан астам өтініш түскен. Төлемді 2 млн 367,1 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 357,9 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды.
Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.
МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше жолмен қабылданып жатыр. Мәселен, 2 млн 579 мыңнан астам өтінімнің ішінде:
– 834,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;
– 674,5 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 406,9 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 662,7 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;
– 0,4 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.
- Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 834,7 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);
– 259,5 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;
– 1 млн 485,1 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).