RSS лента

42500 теңге: шілденің төлемін қалай алуға болады?

  • 15.07.2020, 09:01,
  • 1 872
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Жанара Каримова

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42500 теңге шілдеде кімге берілетінін және арыз беру тәртібу туралы айтып берді, деп хабарлайды Turantimes.kz.

Министрдің сөзінше, шілдедегі әлеуметтік төлем карантиндік шаралардың күшеюі себепті жұмыстарынан айырылған азаматтарға төленбек.
«Осы жолы төлем кімге төленеді, мұқтаж адамдар кім?» деген сұрақтар көп қойылып жатыр. Бұл жолғы 42500 теңге әлеуметтік төлемі өткенде төтенше жағдайдағы қағидаттармен төленеді. Яғни, жұмыс істеп жүріп өзінің табысынан, алып жүрген жалақысынан айырылған азаматтарға беріледі. Олар: жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар. Төлем бір айға қарастырылып отыр» деді ол.
Нұрымбетов 42500 теңгенің бір айға төленетінін нақтылап өтті. Операторы ретінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры белгіленді.
«Өйткені біз осы қордың қаржылық жағдайы туралы «қазір шектеуі, қиын« деп айтқанбыз. Дегенмен, бүгін шешім қабылданды. Сондықтан Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, осы бір аптаның ішінде сол әлеуметтік қордың қаржылық мәселесін шешуі тиіс. Қордың қаржылық мәселесі шешілгенге дейін Еңбек министрлігі осы төлемге қатысты ережені пысықтайтын болады. Содан кейін оны мемлекеттік органдармен келісіп, Әділет министрлігінде тіркеуі тиіс. «Осы уақытта біз өзіміздің ақпараттық жүйемізді, порталдарымызды сол ережеге сәйкестендіріп, тестілеуден өткіземіз. Аянбай жұмыс істейміз. Жоспарымызға сәйкес, алдағы жұма күні порталдар өтініштерді қабылдауға дайын болады. Ал дүйсенбі күннен бастап, яғни 20 шілдеден төлемдерді тағайындауға кіріспекпіз» деді министр.
Өтініштер жұма, 17 шілдеден бастап қабылданады.
Жалдамалы жұмысшыларға арналған ереже:

-әлеуметтік аударымдар немесе міндетті зейнетақылық жарналардың болуы талап етілмейді;
-жалдамалы жұмысшылар (ақысыз демалысқа жіберілген) үшін өтінішті тек жұмыс берушілер ғана бере алады;
-жалдамалы жұмысшылар өтінішінің статусын қарай алады және жұмыс берушінің өтініш берген-бермегенін біле алады.
«Мен барлық жұмыс берушілерге жүмаға дейін өздерінің жұмысшылары жөнінде мәліметтер жинақтап, өтініш беруге дайын болуға кеңес берер едім. Мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, ЖСН нөмірі мен банк реквизиттері» деп ақпараттандырды министр.
Жеке кәсіпкерлер үшін:
-әлеуметтік аударымдар немесе міндетті зейнетақылық жарналар сұралмайды;
-өтініштер өңірлік қалалық штаб деңгейінде беріледі. «Атамекен» палатасының өкілдері өтініш иелерінің қызметінің тоқтатылуы туралы ақпаратты тексеріп, нақтылайтын болады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған ережелер:
-бірыңғай жиынтық төлем төлеу керек емес;
-тұрақты БЖТ төлеушілер қосымша тексеулерсіз өтініш беру арқылы төлем алады;
-Төтенше жағдай кезінде бір рет БЖТ төлегендер жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа тартылды ма, сондай-ақ, зейнетақы ала ма, соған тексеретін болады.
Мұқтаж жандар қайда хабарласуы керек?
«Өткендегідей 42500.enbek.kz порталы, электронды үкімет порталы жұмыс істейді. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларға телеграм-боттар да қызмет көрсетеді. Бұлардың барлығы жұма күннен бастап іске қосылады. Оған қосымша Каспи банк пен Халық банк те біздің портал секілді интернет-ресурсты іске қосып, халықтан өтініш қабылдауға ниет білдірді. Оны да іске асырсақ, сіздерге ол туралы бейсенбі күні жария етеміз» деп түйіндеді Нұрымбетов.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости