10 қыркүйек күні "Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасы басшысы Тимур Басаровты 182 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері құрықтады" деген ақпарат тарады. Бұдан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство ресми мәлімет таратқан жоқ.
Ал, Таубаевтың адвокаты PolisNews ақпараттық порталында мәлімдеме жасады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерінің бірі пара мөлшері 180 млн теңге десе, екіншісі – 400 мың доллар дегенді айтады. Қысқасы, біз ештеңе түсіне алмадық. БАҚ мәліметтерінде көрсетілген екінші адам туралы мен ештеңе айта алмаймын, - деді қорғаушы.
Сондай-ақ, ол агенттік қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты мәндетті түрде шағым жасалатынын жеткізді.