182 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
- 10.09.2020, 20:13,
- 3 842
- 0
- Автор:
Turan Times
Автор фото: Әлеуметтік желі
182 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының башысы Тимур Басаров ұсталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
Айта кетейік, Атырауға Астанадан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бір топ қызметкерлері келген болатын. Күдіктілерді солар ұстады.
Мәселенің мән-жайы әзірге белгісіз. Заңға сәйкес арнайы тергеу-тексеру амалдары жүргізілгеннен кейін ғана істің анық-қанығы анықталмақ.