RSS лента

Шорнақтағы ауылдастар арасындағы жанжал: төрт адам ұсталды

  • 27.07.2020, 10:19,
  • 1 373
  • 0
  • Автор:

Түркістан облысындағы Кентауға жақын Шорнақ ауылында тұрмыстық жанжал орын алды. Нәтижесінде, үш ауыл тұрғыны мен бір полиция қызметкері дене жарақаттарын алды. Келесі күні арандатушылар әлеуметтік желіде «заңға қайшы әрекеттерге» үгіттей бастады. Қазір ауылда, полицияның айтуынша, жағдай тұрақталған, деп Turantimes.kz хабарлайды Түркістан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

21 шілдеде Кентау полициясына жергілікті тұрғыннан оны және туыстарын ауылдастарының ұрып-соққаны жөнінде хабарлама келді. Полицейлер анықтағандай, ауылдардың бірінде ер адам мен ауылдас арасында сөзге келіспеушілік орын алған. Біраздан соң бірнеше көлікпен жәбірленушінің үйіне келген белгісіз біреулер шарбаққа тас лақтырып, кейін белгісіз бағытта кетіп қалған. Жәбірленушінің үш туысы мен учаскелік полицей дене жарақатын алған.


Келесі күні Шорнақ ауылында арандатушылар жиналып, тұрғындарды заңсыз әрекетке үгіттей бастаған.


«Полиция қызметкерлерімен бұған тосқауыл қойылды. Қазір ауылдағы жағдай тұрақты. Тұрғындармен әкімдік және қоғамдастық өкілдері кездесті» делінген хабарламада.


Полиция төрт адамды ұстады. Оның ішінде сот санкциясымен екі күдікті тұтқындалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости