RSS лента

Инспекторға бағынбай, мотоциклін өртеп жіберді

  • 16.04.2020, 14:34,
  • 1 445
  • 0
  • Автор:

Атырау облысында балық қорын заңсыз аулаушылардан қорғайтын инспекторларға белгісіз біреулер қарсылық танытып, мотоциклді өртеп жіберді.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерде тараған хабарламада оқиғаның 14 сәуірде болғаны айтылған. Төрт жігіт инспекторларға қарсылық танытып, біреуі мотоциклді өртеп жіберген. Оқиға Жайық өзені сағаларының бірінің жағасында болған. Өртеніп жатқан мотоциклдің жанында балық шашылып жатыр.


«Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде таратылған видеодағы балық қорғау инспекциясы қызметкерлеріне бағынбаған белгісіз азаматтарды анықтады. Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа су жануарларын заңсыз алу) және 379-бабымен (Билік өкіліне бағынбау) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости