2020 жылдың 6 шілдесінде Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы белгісіз адамдардың итбалықты қорлау фактісі бойынша Маңғыстау облысы Қарақия ауданы полиция бөліміне шағым түсірген. Полиция бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 316-бабы 2-бөлігіне (Жануарларға қатыгездiк жасау) сәйкес олардың жеке басын анықтап, қылмыстық іс қозғады.
«Достар! Жабайы жануарлармен жолыққан мезгілде арақашықтықты сақтауға шақырамыз» деді Ділдахмет.
Еске салайық, адамдардан оңбай таяқ жеген итбалық жайлы бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын. Куәгерлердің айтуынша, біреулер жануарды жай қызық көріп, суретке түсіру үшін соққыға жыққандарын айтады.