Анасы нәрестесін мамырда жіті танымайтын әйелге асырауға берген. Оның орнына әлгі әйел екі банктегі 907 мың теңге несиені өтеуге келіскен. Бірақ, уәдесін орындамаған. Нәтижесінде, анасы баласын қайтарып алу үшін полицияға жүгінген.
«Қылмыстық кодекстің 128-бабы «Адам саудасы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Екі тарапқа да ешқайда шықпау туралы қолхат толтырылған» делінген хабарламада.
Атап өтілгендей, елімізде «STOP трафик» жедел-алдын алу шарасы кезінде маусымның ортасында адам саудасына қатысты полицейлермен елуден аса қылмыс тіркелген. Олардың арасында: жасөспірімдер саудасы, адам еңбегін заңсыз пайдалану мақсатында бостандықтан айырудың үш дерегі, төрт адам саудасы, жезөкшелікпен айналысуға итермелеудің тоғыз дерегі, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру мен ұстаудың 37 дерегі бар.
Бұдан бөлек, қасақана жезөкшелікпен айналысуға арналған орын ұсынудың 15, интимдік және қайыр-садақа сұраумен байланысты азаматтарға тиісудің 155 дерегі тіркелген. Бұл бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.