Ол төтенше жағдай кезінде блокбекеттерде шамамен 7 мың полиция қызметкері жұмыс жасағанын атап өтті. Бұдан бөлек, адам көп шоғырланған жерлерде жаяу құрамдар да көп болды.
«Полиция қызметкерлері ішінен 589 ішкі істер органдарының қызметкері ауру жұқтырса, қазір 419 адам емделіп шықты. Ал, 170 адам әлі карантинде ем алып жатыр», - деп хабарлады министр ОКҚ-де.
Сондай-ақ, ол ішкі істер орган қызметкерлері арасында қайғылы оқиға тіркелмегенін айтып өтті.