RSS лента

Қызметтік жолда құрбан болған полиция арыстары "Айбын" орденімен марапатталды

  • 26.05.2020, 14:11,
  • 775
  • 0
  • Автор: NTleukesh

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен блокпост аумағында орын алған апатта қаза тапқан қос полиция қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

1. Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсене қатысқаны үшін наградталсын:

 

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы;


ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Абдықанов Дастан Маратжанұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің полицейі.

 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 26 мамыр № 339


Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 25 мамыр, таңғы мезгілге қарай Алматы облысындағы №4 блокпостта болған еді. Ащы суға сылқия тойып алған BMW маркалы көлік жүргізушісі бетон қоршауға соғылып, инерциялық дүлей күшпен патрульдік полиция көлігіне кіріп кетті. 


Нәтижесінде, ел тыныштығын сақтап тұрған сарбаздар естерін жиып үлгерместен қайтыс болды. Ал, үшінші полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Апатқа кінәлі жүргізуші бұрын полицияда жұмыс істегені белгілі болды.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости