RSS лента

24 жастағы астаналық азаматша алтыншы қабаттан секірмекші болды

  • 25.04.2020, 15:37,
  • 1 597
  • 0
  • Автор:

​Бұл туралы Turantimes.kz хабарлайды. 23 сәуірде таңғы сағат сегізде Қонаев көшесіндегі тұрғын үйдің алтыншы қабатынан қыз бала секірмекші болғаны туралы астаналық полицияға хабарлама келіп түсті.

​Үш минут ішінде оиқға орнына патурльдік полиция полкінің инспекторлары Берік Ақкөзов пен Фархад Төкеновтен құралған полиция құрамы келіп, балкон әйнегінің сыртында секіруге дайындалып тұрған әйелді көреді. Полицейлер күйзеліс үстіндегі адаммен тіл табысуға бел буып, ол секірген жағдайда да тиісті шаралар қабылдауға тырысты.

Балкон астында инспектор Төкенов қалып, әйелді ақырғы қадамға бармауға көндіруге тырысты. Екіншісі алтыншы қабатқа көтеріліп, уақыт жоғалтпай кілтеулі тұрған есікті бұзып кірді.

«Санаулы секундтарда қыздың секіруге нақты бекінгені белгілі болды. Мен білдірмей балкон терзесіне жақындап, оның шалбарындағы белбеуіне жармасып, аяғынан тартып алдым. Осы сәтте екеуміз де құлап кетер едік, бірақ мен бұл туралы мүлде ойламадым. Мен полицей ретінде шешім қабылдап, адам өмірін құтқаруға тиіс болдым» деді Берік Ақкөзов.

Полицей мен дер кезде келген көрші екеуі қызды пәтеріне сүйреп алды.

«Өз өзіне қол жұмсамақ болған 24 жастағы астаналық тұрғын Байқоңыр аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Астаналық полиция департаментінің басшылығымен қызметте ерекше көзге түскен тәртіп сақшылары мен сырт қалмаған сақ көршілер марапатталатын болады» делінген астаналық полиция депаратаментінде.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости